Қызметкерлер — Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

    Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    4
    Тұрғамбаев Данияр Ғалымұлы
    Төраға

    Тұрғамбаев Данияр Ғалымұлы

    ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы

    Данияр Ғалымұлы Тұрғамбаев 1987 жылы 19 қаңтарда дүниеге келген. Мемлекеттік аграрлық университетті "Аңшылықтану және аң шаруашылығы" мамандығы бойынша, Д.Қонаев атындағы университетінде "Қаржы" және "Құқықтану" мамандықтары бойынша білім алған. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі саласында 2010 жылдан бастап жұмыс істеді. Еңбек жолын Алтын-Емел мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің маманы болып бастаған. 2019-2021жылдары Көлсай көлдері мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің директоры қызметін атқарған. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінде 2021 жылдан бастап төраға орынбасары болды.

    Елемесов Мақсат Мұратұлы
    Төрағаның орынбасары

    Елемесов Мақсат Мұратұлы

    ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары

    Мақсат Мұратұлы 1975 жылы 15 ақпанда Семей облысы Бесқарағай ауданы Большая-Владимировка ауылында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін "Орман және бақ-саябақ шаруашылығы"мамандығы бойынша тәмәмдаған. Еңбек жолын Шығыс қазақстан облысы Бесқарағай ауданының Канонерка орман шаруашылығы өндірістік кәсіпорнында жұмысшы болып бастады. 1994-1998 жылдары Канонер орман шаруашылығы өндірістік кәсіпорынында орманды күзету және қорғау жөніндегі инженері, коммерциялық мәселелер жөніндегі директордың орынбасары, 1998-2004 жылдары Бегенев орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің бас орманшысы, директор орынбасары, 2004-2008 годы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті бас маманы, бөлім басшысы, 2009-2013 жылдары «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» мемлекеттік мекемесінің бас директоры, 2013-2020 жылдары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар басқарма басшысы қызметтерін атқарды. 2022-2023 жылдары Абай облысы бойынша облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы лауазымына тағайындалды. 2024 жылы ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

    Мемлекеттік бақылау, орманды қорғау және сақтау басқармасыОрман және өсімдіктер әлемін өндіру және пайдалану басқармасы

    Әдеп жөніндегі уәкіл

    1

    Басқа қызметкерлер

    8