Бағыт Жетісай ауданының «Дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі жеке тұлғаларға тұрғылықты жерінде және бұқаралық демалу орындарында спортпен айналысуға инфрақұрылым жасайды. Жергілікті аккредиттелген спорт федерацияларымен бірлесе отырып, спорт түрлері бойынша облыстық, облыстық, қалалық жарыстар өткізеді.
Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың командалары үшін спортпен шұғылдануды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етеді.
Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында бұқаралық спорт пен ұлттық спорт түрлерін дамытуды қамтамасыз етеді.
Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында аудандық, қалалық дене шынықтыру және спорт ұйымдарының қызметін үйлестіреді.
ою-өрнек
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
Жетісай ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі аудан тұрғындарына спорт саласы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер
Спортшыларға:
• 2-разрядты спортшы
• 3-разрядты спортшы
• 1-жасөспірімдік разрядты спортшы
• 2-жасөспірімдік разрядты спортшы
• 3-жасөспірімдік разрядты спортшы
Спорт саласының мамандарына:
• Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы
• Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы
• Біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы
• Біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы
• Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер
• Біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер
• Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы
• Спорт төрешісі біліктілік санаттары
Өтініш берушілер құжаттарын төмендегі жолдармен тапсыра алады:
1. «Электрондық үкімет» веб-порталы (
www.egov.kz) арқылы электронды форматта;
2. Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) арқылы;
Мемлекеттік қызмет құжаттар толық тапсырылған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Жаттықтырушыларға, жаттықтырушы-оқытушыларға, әдіскерлерге және нұсқаушы-спортшыларға біліктілік санаттары спорттық атақтар және біліктілік санаттарды беру және спорттық, жасөспірімдер разрядтары мен біліктілік санаттарын беру туралы бұйрығына қол қойылған күннен бастап 5 жылдық мерзімге беріледі.