Қаржы бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Бөлімнің басты міндеттері мен функциялары:

    1) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын уақтылы жасауды және орындауды қамтамасыз ету;

    2) бюджеттік бағдарламалар және инвестициялық жобалар бөлінісінде бюджет қаражатын игеру бойынша есепке алуды жүргізу;

    3) Басқарма қызметінің жедел, бухгалтерлік, статистикалық есебін ұйымдастыруды қамтамасыз ету және бухгалтерлік есептің жай-күйін бақылау, дебиторлық және кредиторлық берешек туралы есептің дұрыс жасалуын және уақтылы тапсырылуын бақылау, бюджеттік бағдарламалардың орындалуын талдау, бюджет қаражатының күтілетін игерілуі туралы есеп, бухгалтерлік балансты дайындау және тапсыру;

    4) бекітілген шығыстар сметасы шегінде басқару аппаратын ұстауға бюджет қаражатының түсуін және жұмсалуын есепке алуды жүргізу және бақылау;

    5) Мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды, оларға қосымша келісімдерді уақтылы тіркеу;

    6) қызметкерлерге жалақыны есептеу, қаржы қаражатын мақсатты және тиімді пайдалану;

    7) салық төлемдерін және міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, Басқарма қызметі бойынша салық есептілігін тапсыру;

    8) басқарманың негізгі құралдарына, тауар-материалдық құндылықтарына түгендеу жүргізуді бақылау;

    9) бюджет қаражатын қайтаруға байланысты шарттардың орындалуын бақылауды қамтамасыз ету;

    10) төлем тапсырмаларын, қазынашылық органдарына азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеуге өтінімдерді дайындау және жүргізу;

    11) бюджеттік шоттардағы қаражаттың қозғалысы бойынша есепке алуды жүргізу;

    12) объектілердің баланстық құны туралы анықтама жасау;

    13) басқарманың бюджеттік бағдарламаларының уақтылы дайындалуын және бекітілуін, басқарманың жиынтық бюджеттік бағдарламаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуін бақылау, бюджеттік бағдарламаларды бекіту және келісу мерзімдерінің сақталуы