Жангелдин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қаржылық-шаруашылық бөлімі
Жалпы ақпарат
Бөлім заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өз міндеттерін іске асыру үшін қажетті құқықтар мен міндеттерге ие.
- Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын басшы басқарады.
- Бөлім басшысы құрылымдық бөлімшенің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
- Бөлім басшысы мемлекеттік органның басшылығына бөлімнің құрылымы мен штат саны жөнінде ұсыныстар береді.
- Құрылымдық бөлімшенің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бөлім атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға бөлім басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.