Түрксіб ауданы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімі
Қаржы-шаруашылық бөлімі «Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Қаржы-шаруашылық бөлімі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Қаржы-шаруашылық бөлімінің мақсаты: аудан әкімі аппаратының қаржы-шаруалық қызметін қамтамасыз ету.
1) Тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алуды жузеге асыру.
2) Тарифтеу анықтамасына негізделген және белгіленген штат санының шегінде аппарат қызметкерлерінің штаттық кестесін жоспарлау.
3) Аппарат қызметкерлеріне, әулеметтік және штаттан тыс қызметкерлерге еңбекақыны және материалдық көмекті уақытылы аудару, сонымен қатар әкім аппаратын қажеті кеңсе тауарлары, оргтехникалар және өзге де материалдық құндылықтармен қамтамасыз ету.
4) Аппарат және құрылымдық бөлімшелерге тиісті қаржылық кезеңіне бюджет жобасын әзірлеу.
Қаржы-шаруашылық бөлімінің негізгі мақсаты: бөлінген бюджеттік қаражаттардың кассалық орындалуын ұйымдастыру және жүзеге асыру.