Бостандық ауданы әкімі аппаратының қаржылық-шаруашылық бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімі ауданның қаржылық және шаруашылық қызметін камтитын құрылымды бөлім.
    Бөлімнің құқықты негізін ҚР Конститутциясы, ҚР Заңы және аудан әкімінің өкімі мен шешімдері құрайды.Қаржы-шаруашылық бөлімі берілген заң шығарушылар тәртібіне сай өзінің құзырлы аумағында келесі қызмет аясын іске асырады:

    • Қаржыландыру тәртібін, штат тәртібін сақтау сұрақтары бойынша жұмыстар жүргізу, қаражатты ұқыпты және үнемді жұмсау, есеп айыру мен смета және ақшалай, құнды заттардың сақталу тәртібін қатаң қадағалау;
    • Аудан әкім аппаратының бухгалтерлік есебі мен қорытындысын іске асыру;
    • Аудан әкім аппаратының бухгалтерлік құжаттарын уақытылы хаттамалауын қадағалау;
    • ҚР Заңы “Мемлекеттік сатылым туралы” жұмысын орындалуын іске асыру;
    • Аппарат қызметкерлерінің табельдік есебін ұйымдастыру, демалысқа жіберу кестесін құрып орындалуын қадағалау, еңбек тәртібінің сақталуын қадағалау, ішкі еңбек тәртібі ережесінің сақталуын қадағалау және жоспарлы жұмыстарды нығайту;
    • Аудан әкімінің жұмысына қызмет көрсету мен қамтудың техникалық қызметін атқарады;
    • Аудан әкімінің телефон байланысын оперативті түрде қамту, ол орынында болмаған жағдайда хабарламаларды телефонмен қабылдап, мағынасын жеткізу және әкімнің тапсырмасы бойынша қызметкерлерді шақыру;
    • Әкімнің қатысуымен өткізілетін жоспарлы жұмыстар мен кеңестердің өтуін камтамассыздау және орындалуын қадағалау;
    • Аппарат жетекшісінің берген тапсырмаларына сай басқа функциялық қызметтерді іске асыру.