Қаржы-шаруашылық бөлімі

    Қаржы-шаруашылық бөлімі
    1. Қаржы-шаруашылық бөлімінің міндеттері:

    1) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес мекеменің шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін жоспарлау, ұйымдастыру және оның тұрақты қызмет етуін қамтамасыз ету;

    2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.

    1. Қаржы-шаруашылық бөлімінің функциялары:

    1) мекеменің теңгеріміндегі мүліктің сақталуы мен тиімді пайдаланылуын, сондай-ақ оның қызметінің қаржы-шаруашылық нәтижелерін талдау және болжауды, бақылауды жүзеге асыру;

    2) мекеме теңгеріміндегі мүліктерге түгендеу жүргізу және мерзімінде есептен шығару жұмыстарын ұйымдастыру;

    3) мекеме ғимаратын және ғимарат аумағын күтіп ұстау, тазалығын қамтамасыз ету, қажетіне қарай ағымдағы немесе күрделі жөндеу туралы ұсыныстар енгізу;

    4) мекеме ғимаратын жылу, электр энергиясымен және сумен қамтамасыз етілуін ұйымдастыру және бақылау;

    5) қызметтік автокөліктердің қалыпты жұмыс жасалуын қадағалау, қажетіне қарай жөндеуден өткізу және қажетті жанар-жағар маймен қамтамасыз ету;

    6) ғимарат аумағында көркейту-көгалдандыру жұмыстарын жүргізу, аумақтың игерілмеген жерлерін құнарландыру және игеру жобаларын әзірлеу;

    7) қаржы-шаруашылық жұмыстарға байланысты мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

    8) мекеме ғимаратында орналасқан қызметкерлердің қалыпты және тұрақты жұмыс жасауы үшін қажетті жағдай жасау, оларды жиһазбен, байланыс құралдарымен және оргтехникамен қамтамасыз ету;

    9) бухгалтерлік құжаттардың уақытылы және сапалы рәсімделуін қамтамасыз ету;

    10) қаржы-шаруашылық қызметті жүргізу барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу заңнамаларының сақталуын жүзеге асыру;

    11) тиісті қаржы жылына арналған мемлекеттік сатып алу жөніндегі жоспар жасау;

    12) қаржыландырудың жеке жоспарын жасау және орындау;

    13) тиісті қаржы жылына арналған бюджеттік өтінімдерді жасау және қорғау;

    14) штаттық кестені бақылау және тексеру, қызметкерлерге жалақыны уақытылы төлеу, салық төлемдері мен әлеуметтік аударымдарды аудару, банктермен өзара іс-қимыл жасау.

    1. Қаржы-шаруашылық бөлімі Қазақстан Республикасы заңдарымен айқындалатын қаржы-шаруашылық бойынша өзге де міндеттер мен функцияларды іске асырады.

    Қаржы-шаруашылық бөліміне олардың қызметіне тән емес қосымша міндеттер мен функциялар жүктелмейді.

    1. Қаржы-шаруашылық бөлімі Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.

    2. Қаржы-шаруашылық бөлімі:

    1) Заңмен және осы Үлгілік ережемен жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті мәліметтер мен құжаттарды мемлекеттік органның басқа құрылымдық бөлімшелерінен сұратады және алады;

    2) ауданның экономика және қаржы бөлімі мен мемлекеттік кірістер, қазынашылық басқармалары және басқа да органдармен өзара іс-қимыл жасайды.