Қаржы-шаруашылық бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Бөлімнің функциялары:

    1. аудан әкімі мен аппаратының жұмысын қаржылық, шаруашылық қамтамасыз ету мәселелерінде аудан әкімі аппаратының қызметін жүзеге асыру;
    2. аудан әкімі аппаратының қызметін бюджеттік жоспарлау, бюджет жобасын, шығыстар сметасын әзірлеу және олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру, аудан әкімі аппаратының қызметін қаржылық қамтамасыз ету;
    3. аудан әкімі мен әкім аппаратының қызметін қамтамасыз етуге, ғимараттарды, автогаражды, телекоммуникацияларды күтіп ұстау және қызмет көрсетуге, ақпараттық жүйелерді, жабдықтарды, негізгі құралдарды, құрал-жабдықты сүйемелдеуге және аудан әкімінің аппаратын көлік құралымен қамтамасыз етуге байланысты бухгалтерлік есепті, операцияларды жүргізу;
    4. тиісті қаржы жылына арналған төлемдер мен міндеттемелер бойынша жеке және қаржыландыру жоспарларымен бекітілген сомалар және жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарының базалық шығыстары шегінде міндеттемелер қабылдауды жүзеге асыру;
    5. белгіленген тәртіппен енгізілген өзгерістерді ескере отырып, жеке қаржыландыру жоспарларына сәйкес қаражаттың дұрыс, тиімді және мақсатты жұмсалуын бақылау;
    6. қаржылық қызметті және штаттық тәртіпті қатаң сақтау, бюджеттік қаражатты ұқыпты және үнемді жұмсау;
    7. жалақыны және басқа да ақшалай төлемдерді дұрыс есептеуді және белгіленген мерзімде төлеуді қамтамасыз ету, салықтар мен бюджетке міндетті төлемдерді уақтылы аудару;
    8. аппарат активтерінің, қорларының және басқа да материалдық құндылықтарының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
    9. шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау және оларды белгіленген тәртіппен тиісті органдарға ұсыну;
    10. аппарат балансындағы ақшалай қаражатты түгендеуді, материалдық құндылықтарды есептеуді жүргізуге қатысады, түгендеу нәтижелерін уақтылы және дұрыс анықтауды және оларды есепте көрсетуді қамтамасыз етеді;
    11. ұзақ мерзімді активтер мен басқа да материалдық құндылықтардың оларды сақтау және пайдалану орындарында сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
    12. аппарат қызметшілері мен жұмыскерлерін олардың қызметін жүзеге асыру үшін қажетті материалдық құралдармен қамтамасыз ету;
    13. бастапқы құжаттарды, қағаз және электрондық жеткізгіштердегі бухгалтерлік есеп тіркелімдерін, есептілікті, электрондық өңдеу бағдарламаларын, оларға есептерді, басқа да құжаттарды сақтау, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен архивке тапсыру.
    14. мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеу және бекіту, сондай-ақ бекітілген мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
    15. қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес белгіленген мерзімдерде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу;
    16. белгіленген мерзімдерде өткізілген конкурстық рәсімдерге сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жеткізуге шарттар жасау және қол қою;
    17. мемлекеттік сатып алу бойынша шарттардың орындалуын бақылау.