Қаржы-шаруашылық бөлімі
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды, тоқсандық, жартыжылдық, жылдық есептерді қаржы органдарына тапсыруды қамтамасыз етеді, бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстар сметасының орындалуын жасаумен және бақылаумен, бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарларын жасаумен айналысады. Ауданның бюджеттік қаражаттарының уақытылы, мақсатты және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді. Конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізеді және ұйымдастырады. Мемлекеттік сатып алу басқа да әдістермен (бір көзден алу тәсілімен, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен, Ашық тауар биржаларында) жүзеге асырылады. Мемлекеттік сатып алу мониторингі жүргізіледі. Қаржы органдарына мемлекеттік сатып алу бойынша есептер ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда, бір жылға тапсырылады. Мемлекеттік сатып алу бойынша сот процестеріне қатысады.