Қостанай облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының қаржы-экономикалық бөлімі

    Бөлімдердің қызметтері мен функциялары:

    Басқарма қызметінің шаруашылық процестері мен қаржылық нәтижелері туралы толық және шынайы ақпаратты қалыптастыруды қамтамасыз ету;

    Бекітілген нормаларға, нормативтерге және сметаларға сәйкес спорттық іс-шараларды ақшалай қаражатпен қамтамасыз ету;

    Негізгі құралдардың есебін, олардың амортизациясын ұйымдастыру;

    Материалдық қорларды есепке алуды ұйымдастыру;

    Есеп айырысу шотында және басқарма кассасында ақша қаражаттарының қозғалысын есепке алуды ұйымдастыру;

    Бастапқы және бухгалтерлік құжаттарды ресімдеу тәртібін және жасалатын операциялардың заңдылығын сақтау;

    Тауар-материалдық құндылықтар мен негізгі қорларға түгендеу жүргізу;

    Қызметкерлермен төлемдердің барлық түрлері бойынша есеп айырысудың барлық түрлерін жүргізу (жалақы, біржолғы жәрдемақылар, б / л бойынша төлемдер, демалыс, іссапар және т. б.);

    Дебиторлық және кредиторлық берешектің есебін, жеткізушілермен есеп айырысуды ұйымдастыру;

    Кассалық операцияларды есепке алуды ұйымдастыру;

    Бухгалтерлік балансты және есептілік нысандарын жасау;

    Басқарманың қаржы-экономикалық қызметінің жедел, салықтық және статистикалық есептілігін жасау;

    Ақша қаражатының және басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету;

    Ведомстволық бағынысты ұйымдарға әдістемелік көмек көрсету;

    Ақпаратты жинау, өңдеу, ведомстволық бағынысты ұйымдардың есептілігін жасау;

    Спорттық іс-шаралар бойынша шығыстар сметасын жасау жөніндегі жұмысқа қатысу;

    Басқарманың, ведомстволық бағынысты ұйымдардың төлемдері мен міндеттемелері бойынша бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарларын әзірлеу және жасау;

    Бухгалтерлік есеп жүргізу әдістерін жетілдіру;

    Баға ұсыныстарын сұрату әдісімен мемлекеттік сатып алуды жүргізу, олар бойынша шарттар жасасу;

    Басқарма қызметіне байланысты барлық бюджеттік, қаржылық, шаруашылық операцияларды жүргізу;

    Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша жұмысты жүзеге асырады және оларға ҚР АӨК талаптарына сәйкес уақтылы жауап береді;

    Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамында өнер көрсететін спортшыларға, жаттықтырушылар мен клуб командаларының жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай мазмұндағы төлемдердің мөлшерін әзірлейді және белгіленген тәртіппен бекітуге ұсынады.