Қаржы-экономикалық бөлімі
Жалпы ақпарат
Бөлімнің қызметін ұйымдастыру
- Бөлімді басқарма басшысы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын басшы басқарады;
- Бөлім басшысы бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Бөлімге жүктелген міндеттер мен бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарының орындалуына дербес жауапты болады;
- Бөлім басшысы басқарма басшысына бөлімнің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар енгізуге, сондай-ақ бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындауға құқылы;
- Бөлім басшысы болмаған кезеңде оның міндеттері Бас маманға жүктеледі;
- Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Бөлім атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Бөлім басшысы, ал болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.