Қостанай облысы әкімдігі ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының "Қостанай облысының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Әулиекөл өңірлік мемлекеттік архиві" филиалы

    Жалпы ақпарат

    Филиал қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының «қостанай облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орналасқан жерінен тыс орналасқан, оның негізгі функцияларын, оның ішінде өкілдік функцияларын жүзеге асыратын оқшауланған бөлімшесі болып табылады.

    Филиалдың қызметінің мәні ерекше тарихи, ғылыми, әлеуметтік немесе мәдени маңызы бар, заңда белгіленген тәртіппен ұлттық құндылық деп танылған, меншіктің барлық нысанындағы мекемелердің, ұйымдардың, кәсіпорындардың қызметінде пайда болатын құжаттарды, сондай-ақ жеке тектік құжаттарды, ғылыми-техникалық және басқа да арнайы құжаттаманы, кино -, фото -, фоно -, бейнеқұжаттарды, жеке құрам жөніндегі құжаттарды пайдалану болып табылады, (қызметкерлердің еңбек қызметін және олардың зейнетақымен қамтамасыз етуге ақша аударымдары туралы ақпаратты растайтын құжаттар кешені)

    Филиал қызметінің мақсаты қазақстан республикасының ұлттық архив қорын толықтыру, құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге және азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету үшін оларды пайдалануға бағытталған жұмыстар кешенін жүргізу, сондай-ақ атқарушы билік, қоғам және жекелеген азаматтар мүддесінде ретроспективті ақпаратты пайдалану болып табылады.