«Қостанай облысы бойынша Еңбек ұтқырлығы орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ұзынкөл ауданының Мансап орталығы» филиалы
Жұмыспен қамту орталығының функциялары:
1) халықты жұмыспен қамтудың жай - күйін бағалауды және дамуын болжауды, халықты нарығының жай - күйі туралы хабардар етуді жүзеге асырады;
2) Заңда көзделген жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын, сондай ақ бюджет есенбінен қаржыландырылатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің қосымша щараларын іске асыруды жүзеге асырады;
3) өтініш білдірген адамдарды жұмыс іздеуші және жұмыссыздар ретінде тіркейді;
4)жұмысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты әлеуметтік төлем тағайындау үшін тізбесін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген қажетті құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және оларды Мемлекеттік корпорацияға жібереді;
5) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау бойынша қызметтер көрсетеді;
6) жергілікті еңбек нарығындағы жұмыс күшіне қажеттілікті айқындайды және мониторинг жүргізеді;
7) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға жолдама береді;
8)жұмыс берушілерде бос жұмыс орындары туралы ақпаратты жинайды.
Мекеме құзырлығына кіретін мемлекеттік қызметтер:
1) "Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою»;
2) "Азаматтар жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді
нысандарына қатысуға жолдамалар беру";
3) "Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру".