"Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" КММ

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    Бұйрық

    «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

    2026 жыл 08 маусым№ 21 «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде №14441 болып тіркелген), Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 2, 4 тармақтарына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу. Жер қатынастары саласындағы қызметін, сондай–ақ бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметін қозғайтын, нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нысанасы болып айқындалсын. Ішкі талдауды осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жұмыс тобы жүргізеді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі 2025 жылғы 16 маусымнан бастап 2026 жылғы 05 маусымға дейін айқындалсын. Ішкі талдау жүргізу мерзімі 2026 жылғы 08 маусымнан 2026 жылғы 16 маусымға дейін. Бөлім басшысының м.а. Әлібек Шыңғысұлы Байзақов сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізгені үшін басшы болып белгіленсін Басшының м.а. Ә. Байзақов «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының 2026 жылғы «08» маусымдағы № 21 бұйрығына қосымша «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу бойынша жұмыс тобының ҚҰРАМЫ № р/с АӘТ Лауазымы 1 Әлібек Шыңғысұлы Байзақов бөлім басшысының м.а. 2 Нұрлан Мәнапұлы Бимақанов аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы (келісім бойынша) 3 Олег Александрович Краснощек бас маман 4 Марина Сергеевна Кривошеева әдіскер

    Жарияланды: