"Еңбекшіқазақ ауданының Түрген ауылдық округі әкімі аппараты" ММ
«Түрген ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Еңбекшіқазақ ауданының Түрген ауылдық округі әкімінің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
Жаңалықтар
Оқиғалар
ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ
ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ
Құжаттар
"Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру" мемлекеттік қызметін көрсету
Көрсетілетін қызметті беруші Облыстардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері "Цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі Бірінші кезең: сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау, жер учаскесін таңдау актісін дайындау, сәулет-жоспарлау тапсырмасын, инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттарды және топографияны жасау – 28 (жиырма сегіз) жұмыс күні ішінде.Екінші кезең: жер учаскесін таңдау актісін келісу және көрсетілетін қызметті алушы жер-кадастрлық жұмыстардың қызметтері үшін ақы төлеу кезінде жер-кадастрлық жоспарды қоса бере отырып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару, уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу – 18 (он сегіз) жұмыс күні ішінде. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны Электрондық (ішінара цифрландырылған)/қағаз түрінде. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Көрсетілетін қызметті берушінің жер-кадастрлық жоспарды қоса бере отырып, жер учаскесіне құқық беру туралы шешімі және уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері- тегін. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі бірінші кезең: 1. Жеке қосалқы шаруашылық жүргізу, бағбандық, жеке тұрғын үй және саяжай құрылыстары үшін: 1) "Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру туралы өтініш; 2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары); 3) арнайы есепке қою туралы хабарламаның электрондық көшірмесі (жер учаскесі жеке тұрғын үй құрылысы үшін сұралған жағдайда). 2. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 284-бабына сәйкес инвестициялық жобаларды іске асыру үшін: 1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру туралы өтініш; 2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары); 3) мемлекеттік меншіктен жер учаскелерін беру үшін инвестициялық жобаны айқындау туралы шешім. 3. Оларға меншік құқығымен және (немесе) өзге де заттай құқықпен тиесілі үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) пайдалану және ұстау үшін, оның ішінде іргелес аумақтағы үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген сәулет-қала құрылысы және (немесе) құрылыс құжаттамасына сәйкес кеңейту және реконструкциялау үшін: 1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру туралы өтініш; 2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары); 3) жылжымайтын мүлік объектісіне құқық белгілейтін құжат (жер учаскесінде орналасқан ғимараттарды, құрылыстарды, құрылысжайларды пайдалануға беру актісі, азаматтық-құқықтық мәмле, сот шешімі); 4) құрылыс мақсаттары үшін жер учаскесі сұралған жағдайда инженерлік желілерге қосуға арналған сауалнама парағы; 5) жобалау алдындағы құжаттама (техникалық жоба). 4. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Жер кодексі)71-бабынасәйкес құрылыс мақсаты үшін бұрын олар іздестіру жұмыстарын жүргізген аумақта ғимараттар (құрылыстар, құрылысжайлар) және олардың инженерлік-коммуникациялық желілерін салу үшін, егер олар егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес жоспарланатын құрылыс шегінде бұрын үшінші тұлғаларға тиесілі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алған жағдайда: 1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру туралы өтініш; 2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары); 3) іздестіру жұмыстарын жүргізуге рұқсат. 5. Бұрын үшінші тұлғаларға тиесілі болған жер учаскелеріне құқықтарды өздері алған немесе сатып алған жағдайда, құрылыс салу мақсатында Жер кодексінің71-бабынасәйкес өздері бұрын іздестіру жұмыстарын жүргізген аумақта реновациялау бағдарламасы шеңберінде егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес жоспарланған құрылыс шегінде көппәтерлі тұрғын үйлер мен олардың инженерлік-коммуникациялық желілерін салу үшін "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу кепілдігін беру туралы шарт жасасқан заңды тұлғаларға: 1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру туралы өтініш; 2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары); 3) іздестіру жұмыстарын жүргізуге рұқсат; 4) уәкілетті орган бекіткен реновациялау бағдарламасы; 5) көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы мен олардың инженерлік-коммуникациялық желілері үшін "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу кепілдігін беру туралы шарт; 6) Жер кодексінің 71-бабында көзделген талаптардың орындалғанын растайтын құжаттар (бөлініп берілген жер учаскесінде орналасқан жылжымайтын мүліктің әрбір меншік иесімен жасалған шарттар, жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім не олардан мемлекет пайдасына бас тарту туралы шешім, объектіні кейіннен кәдеге жарату). 6. Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақтың немесе республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың қатысушысына, арнайы экономикалық аймақтың немесе индустриялық аймақтың басқарушы компаниясына: 1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру туралы өтініш; 2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары); 3) арнайы экономикалық аймақтың немесе индустриялық аймақтың қатысуы туралы растайтын құжат. 7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген объектілерді салу, мемлекеттік мүдделерді және қоғамдық маңызы бар мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін инвестициялық жобалар үшін: 1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру туралы өтініш; 2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары); 3) жергілікті атқарушы органның объектінің облыстың даму жоспарына енгізілгені туралы шешімі; 4) құрылыс мақсаттары үшін жер учаскесі сұралған жағдайда инженерлік желілерге қосылуға арналған сауалнама парағы. 8. Жер кодексінің 9-бабының 3-тармағына сәйкес отандық өнеркәсіп кәсіпорындары: 1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру туралы өтініш; 2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары). 9. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру үшін жекеше әріптестер не концессиялық жобаларды іске асыру үшін концессионерлер: 1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру туралы өтініш; 2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары); 3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт немесе концессия шарты. 10. Инвестициялық және инновациялық жобаларды іске асыру үшін әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар: 1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру туралы өтініш; 2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары); 3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт немесе концессия шарты. 11. Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыру үшін өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері: 1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру туралы өтініш; 2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары); 3) жергілікті атқарушы органның шешімі және жобаны инвестициялық деп тану.Екінші кезең: келісілген жер учаскесін таңдау актісі, жер-кадастрлық жұмыстар қызметтері үшін ақы төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесі/электрондық көшірмесі.Заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы, жеке басты куәландыратын құжат туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталуы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден талап етеді. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер 1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің Жер кодексінің 44-1-бабының9-тармағында, 49-2-бабы6-тармағыныңекінші бөлігінде, 50-бабының2-тармағында, 96-1-бабының4-тармағындажәне Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 78-бабының 5-тармағының екінші және үшінші бөліктерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;3) Жер кодексінің 44-1-бабының4-тармағынасәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұранымға келісуші органдардың теріс жауабы. Толық ақпаратты Түрген ауылдық округі әкімі аппаратынан ала аласыздар. Мекен – жайымыз:Түрген ауылы, Достық көшесі №48аАнықтамалық байланыс телефоны: 8 (72775) 32-2-35 «Түрген ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ
"Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту" мемлекеттік қызметін көрсету қағидасы
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі –көрсетілетін қызметті беруші). Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; "цифрлық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал). Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 10 (он) жұмыс күні ішінде. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны Электрондық (ішінара цифрландырылған/қағаз түрінде). Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы шешімі және уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) шарты не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері - nегін. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі Көрсетілетін қызметті берушіге:1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21366 болып тіркелген) бекітілген "Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту туралы өтініш;2) сәйкестендіру құжатының көшірмесі (жер учаскесіне уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру актісі не жер-кадастрлық жоспар);3) жер учаскесін уақытша (қысқа мерзімді ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалануға (жалға алуға) жасалған шарттың көшірмесі (шарт туралы ақпарат бірыңғай мемлекеттік жер кадастры цифрлық жүйесінде болмаған жағдайда ұсынылады);4) әуеайлақ маңындағы аумақта орналасқан жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзартқан жағдайда:Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсаттар беру қағидаларына сәйкес берілетін әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсат;порталға:1) қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту туралы өтініш;2) сәйкестендіру құжатының электрондық көшірмесі (жер учаскесіне уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру актісі не жер-кадастрлық жоспар);3) жер учаскесін уақытша (қысқа мерзімді ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалануға (жалға алуға) жасалған шарттың электрондық көшірмесі (шарт туралы ақпарат бірыңғай мемлекеттік жер кадастры цифрлық жүйесінде болмаған жағдайда ұсынылады);4) әуеайлақ маңындағы аумақта орналасқан жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзартқан жағдайда:Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсаттар беру қағидаларына сәйкес берілетін әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсатының электрондық көшірмесі.Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы, жеке басты куәландыратын құжат туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын қызметтің басталуы туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден талап етеді. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер 1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 37-бабының 2-тармағының бірінші бөлігінде және 2-2-тармағында, 81-бабының 3-тармағының 1) тармақшасында және 121-бабының 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; 3) көрсетілетін қызметті алушының "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы; 4) Жер кодексінің 92-бабына сәйкес жергілікті атқарушы органның шешімдерін және уақытша өтеулі жер пайдалану шартының талаптарын орындамау, жер учаскесін ұзақ уақыт пайдаланбау (егер жобалық-сметалық құжаттамада неғұрлым ұзақ мерзім көзделмесе). Толық ақпаратты Түрген ауылдық округі әкімі аппаратынан ала аласыздар. Мекен – жайымыз: Түрген ауылы, Достық көшесі №48аАнықтамалық байланыс телефоны: 8 (72775) 32-2-35 «Түрген ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ
