Қызметкерлер — "Еңбекшіқазақ ауданының Шелек ауылдық округі әкімі аппараты" ММ

    "Еңбекшіқазақ ауданының Шелек ауылдық округі әкімі аппараты" ММ басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    3
    Дауткулов Айдарбек Аянбекұлы
    Әкім

    Дауткулов Айдарбек Аянбекұлы

    Шелек ауылдық округінің әкімі

    Дауткулов Айдарбек Аянбекұлы 1974 жылы 19 желтоқсанында Алматы облысы, бұрынғы Шелек ауданы, Октябрь ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. 1982 жылы Абай орта мектебіне барып, 1992 жылы аяқтаған. 1992 жылы Алматы коммерциялық техникумына түсіп, 1994 жылы Іс әрекеті мамандығын алған. Отбасылық жағдайы: Үйленген, 3 баласы бар.

    Құрманбаев Ертай Сәлімжанұлы
    Әкімінің орынбасары

    Құрманбаев Ертай Сәлімжанұлы

    Шелек ауылдық округі әкімінің орынбасары

    Құрманбаев Ертай Сәлімжанұлы 1982 жылы 27 мамырда Шелек ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2006 жылы М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының Теміржол көлігіндегі тасмалдауды ұйымдастыру және басқару мамандығын бітірген.

    Абдакимов Куат Бекешұлы
    Әкімінің орынбасары

    Абдакимов Куат Бекешұлы

    Шелек ауылдық округі әкімінің орынбасары

    Абдакимов Қуат Бекешұлы 29 шілде 1978 жылы Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Чилик ауданы, Октябрь ауылында дүниеге келді. Абай атындағы мектеп-гимназиясын 1995 жылы бітірді. Әскери міндетті.Әскери шені-запастағы аға лейтенант. 1998 жылы М Бейсебаев атындағы агробизнес және менеджемент колледжін бітірді. 2004 жылы Қазақ Мемлекеттік Аграрлық Университетіне оқуға түсті. 25.09.2019 бастап қазіргі уақытқа дейін Алматы облысы ,Еңбекшіқазақ ауданы,Шелек ауылдық округі әкімінің орынбасары болып жұмыс атқаруда. Әкесі-Абдакимов Бекеш Абдакимович 10.05.1932 жылы Алматы облысы ,Ұйғыр ауданы,Кетпен ауылында дүниеге келген, 2004 жылы қайтыс болды. Анасы-Дадамбаева Джанымхан Курманалиевна 30.06.1937 жылы Алматы облысы ,Шелек ауданы, Шелек ауылында дүниеге келген.2012 жылы қайтыс болды. Жұбайы-Қартайғанова Камшат Ахметбековна 23 маусым 1979 жылы дүниеге келген. 2001 жылы отау құрды. Әкпесі-Абдакимова Гульнара Бекешовна 19.11.1957 жылы Алматы облысы, Шелек ауданы,Милянфан ауылында дүниеге келген,Алматы облысы ,Еңбекшіқазақ ауданы,Есік қаласы,Садовая көшесі №152 үйде тұрады.