Қызметкерлер — Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті

    Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    5
    Селимов Назарали Гаджимагомедович
    Бастық

    Селимов Назарали Гаджимагомедович

    Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы

    Назарали Гаджимагомедұлы Селимов 1985 жылғы 14 мамырда Ресей Федерациясында дүниеге келген, балалық және жастық шағын Маңғыстау облысында өткізген. 2007 жылы Қазақстан Республикасы ТЖМ Көкшетау техникалық институтын «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша аяқтаған. Сол жылдан бастап азаматтық қорғау органдарында қызметін бастаған.

    Төлендин Алмаз Боранбайұлы
    Басшының орынбасары

    Төлендин Алмаз Боранбайұлы

    Қостанай облысы ТЖД бастығының бірінші орынбасары

    Төлендин Алмаз Боранбайұлы 1984 жылы 19 наурызда Қостанай облысында туған. 2005 жылы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтын өрт қауіпсіздігі мамандығы бойынша бітірген.

    Кадр саясаты
    Әбдіров Талғат Камильевич
    Басшының орынбасары

    Әбдіров Талғат Камильевич

    Қостанай облысы ТЖД бастығының орынбасары

    Талғат Камильевич Абдиров 1979 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 2000 жылы Қазақстан Республикасы ҰҚК Әскери институтын, 2008 жылы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті атындағы Ұлттық қорғаныс университетін тәмамдаған.

    Нұрғалиев Марат Досанғалиұлы
    Басшының орынбасары

    Нұрғалиев Марат Досанғалиұлы

    Қостанай облысы ТЖД бастығының орынбасары

    Нұрғалиев Марат Дусангалиевич 1978 жылғы 6 ақпанда Қостанай облысында дүниеге келген. 1998 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы жоғары техникалық училищесін, 2001 жылы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар агенттігінің Көкшетау техникалық институтын тәмамдаған.

    Қиылманов Қанат Қуатұлы
    Басшының орынбасары

    Қиылманов Қанат Қуатұлы

    Қостанай облысының ТЖД бастығының орынбасары

    1976 жылдың 28 тамызында Қостанай қаласында дүниеге келген. Білімі: •1995 жылы – Қостанай автомобиль көлігі техникумын тәмамдаған. •2004 жылы – А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетін бітірген. •2008 жылы – Қарағанды экономикалық университетін (Қазтұтынуодағы) аяқтаған.