«Мұғалжар аудандық әкімінің аппараты» ММ персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі)
Персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі) Мұғалжар ауданы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Персоналды басқарудың бірыңғай қызметінің негізгі міндеті - Мұғалжар ауданы әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметіне (кадр қызметіне) басшылық жасау; Мемлекеттік органның персоналды басқару стратегиясын әзірлеу және іске асыру; Мемлекеттік органның кадрларға, оның ішінде мамандықтар және біліктіліктер бойынша қажеттілігін талдау және жоспарлау; Мемлекеттік мекемелердегі бос орындардарды анықтап талдау жүргізу, кадр құрамын қалыптастыру және «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына конкурстар жариялануын ұйымдастыру, үміткерлердің құжаттарын қарастыру, бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарап, әңгімелесуге жіберу туралы шешім қабылдауды қамтамасыз етеді.