Бірынғай персоналды басқару қызметі (кадрлық қызмет)

    Жалпы ақпарат

    Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік қызметшілердің мәліметтер базасын талдау және қалыптастыру. Аудандағы мемлекеттік қызметшілерді оқыту, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі жұмыстарды бақылау және ұйымдастыру. Мемлекеттік наградаларға, облыс және аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапаттауға ұсыну үшін материалдардың әзірленуін бақылау және қамтамасыз ету. Жоғары тұрған органдарға кадрлар мониторингі, персоналды басқару жөніндегі есептерді, басқа да мәліметтер мен ақпараттарды дайындау және уақытында тапсырылуын бақылау. Ауданның мемлекеттік органдарында «Е-қызмет» интеграциялық ақпараттық жүйесінің жұмысын, Бұланды ауданы әкімінің сайтына материалдарды дер кезінде орналастыруды бақылау.