Персоналды басқарудың бірыңғай қызметі
Бөлiм құзыретiне облыс әкiмi аппараты құрылымдық бөлiмшелерiнiң Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет саласындағы жұмысын үйлестiру кiредi. Конкурс рәсiмдерiн өткiзу. Кадр мәселелерi жөнiндегi тәртiптiк, конкурстық және өзге де комиссиялардың қызметiн ұйымдастыру. Әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметкерлердiң жұмысын бағалайды, оларды қызметi бойынша жылжыту, тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту, қызметiнен босату және т.б. жұмысты атқарады. Кадрларды iрiктеу жұмысын жүргiзедi, мемлекеттiк қызметтi атқарумен байланысты шектеулердiң сақталуын қамтамасыз етедi. Мемлекеттiк қызметкерлердi тағылымдамадан өткiзудi, оларға тәлiмгерлiк жасауды, оларды даярлауды, қайта даярлауды және бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады, мемлекеттiк қызметкерлердi көтермелеу тәртiбiн әзiрлейдi және т.б.
Мемлекеттiк органдардың «Персоналды басқару» бағыты бойынша қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалайды.