Аудан әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызмет (кадр қызметі) бөлімшесі

    Жалпы ақпарат

    Бірыңғай персоналды басқару қызметі бөлімшесі өз қызметінде бөлім қызметкерлері арасында міндеттерді бөлу, олардың орындалуын қадағалау; мемлекеттік қызметшілердің еңбек өтілін белгілеу, бағалау, конкурстық, тәртіптік, аттестациялық комиссиясияларының жұмыстарын ұйымдастыру. Мемлекеттік қызметшілердің еңбек кітапшаларының толтырылуын қадағалау және сақталуын қамтамсыз ету; мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтауын, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасының және әдеп кодексінің орындалуын қадағалау, еңбек режимі мен жағдайларының сақталуын, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану ережесін бекіту туралы» Жарлығының жергілікті атқарушы органдарында орындалуына бақылау жүргізу; Аудан бойынша персоналды басқару тиімділігін ұйымдастырып жүргізу;