"Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі" ММ
«Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретіне сәйкес экономика саласында жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, қалалық коммуналдық меншігін басқару және мемлекеттік сатып алуды үйлестіру функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Құжаттар
«Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ – сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың қоғамдық талқылауы туралы АНОНС
2015 жылғы 18 қарашадағы "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына және "Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі "сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес"Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауды жоспарлап отыр. Күні: 2026 жылғы 28 тамыз Уақыты: 12:00 Орны: Ұлытау облысы, Сәтбаев қаласы, Қаныш Сәтбаев даңғылы 108, 213 кабинет