Кеңес алу үшін қайда бару керек?
Кеңес алу үшін Абай ауданы, Абай қаласы, Жеңіс даңғылы 3, № 13 каб. мекен-жайына хабарласуыңызға болады. Телефон: 8(72131)4-44-51
"Абай ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шегінде аудандық бюджетті стратегиялық, экономикалық, бюджеттік жоспарлау және атқару, аудандық бюджеттің атқарылуы бойынша бухгалтерлік, бюджеттік есепке алуды және бюджеттік есептілікті жүргізу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
"Абай ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы аудан экономикасының тұрақты өсуіне және ауданның бәсекеге қабілеттілігіне қол жеткізуге ықпал ететін ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының және бюджеттік жоспарлаудың негізгі бағыттарын қалыптастыру, тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған бюджеттің сапалы орындалуын қамтамасыз ету болып табылады.
Кеңес алу үшін қайда бару керек?
Кеңес алу үшін Абай ауданы, Абай қаласы, Жеңіс даңғылы 3, № 13 каб. мекен-жайына хабарласуыңызға болады. Телефон: 8(72131)4-44-51
Мемлекеттік қызметті алу үшін қандай құжаттар қажет?
Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі (құжаттар мемлекеттік корпорация арқылы ұсынылған кезде) көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорация арқылы не "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы электрондық форматта мынадай құжаттарды ұсынады: 1) көтерме жәрдемақы алған кезде: осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; жеке басты куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін); білімі туралы дипломның көшірмесі; көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі; 2) тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде: осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; жеке басты куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін); білімі туралы дипломның көшірмесі; көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі; сәйкестендіру үшін неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін) ; кредиттік бюродан есеп; 3) тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алу кезінде: осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; жеке басты куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін); білімі туралы дипломның көшірмесі; көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі; сәйкестендіру үшін неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін) ; кредиттік бюроның есебі.
Бөлімде қандай мемлекеттік қызметті алуға болады?
Біздің бөлімде "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне, Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мемлекеттік қызметі "Дипломмен ауылға!" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы " Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет ұсынылады.
Абай ауданының 2026–2030 жылдарға арналған даму жоспарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаужүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар
«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 307 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 22 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министірлігінде 2020 жылы 29 қаңтарда № 19941 болып тіркелді.