Қосымша білім АУДАННЫҢ ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ 2025-2026 оқу жылы

    Жалпы ақпарат

    Қосымша білім

    АУДАННЫҢ ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ

    2025-2026 оқу жылы

    Балаларға қосымша білім беру-бұл шығармашылық қабілетті, интеллектуалды, физикалық дамуды, адамгершілікті жетілдіру мен қауіпсіз өмір салты мәдениетін қалыптастыруға, баланың бос уақытын ұйымдастыруға бағытталған оқыту түрі. Ол негізгі мектеп бағдарламаларынан тыс жүзеге асырылады және міндетті жалпы білім беруді алмастыра алмайды. Бұл білім алушыға білім мен шығармашылыққа деген тұрақты қажеттілікті алуға, өзін-өзі барынша жүзеге асыруға, кәсіби және жеке өзін-өзі анықтауға мүмкіндік беретін дәлелді білім.

    Қазақстан Республикасындағы қосымша білім беру жүйесі өнерден технологияға, тілдерден бизнеске дейінгі әртүрлі салаларды қамтиды. Бұл біліктілікті арттыру, жаңа мамандықты игеру немесе қызығушылық саласында білімді тереңдету мүмкіндігі.

    Май ауданының қосымша білім беруді дамытудың стратегиялық тәсілдері өскелең ұрпақты әлеуметтендіру мен өзін-өзі дамытудың негізгі міндеттерін шешуге бағытталған және Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында айқындалған Қазақстанның тәрбие саясатының негізгі қағидаттарын іске асырады.