Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Ішкі аудит департаменті

    Жалпы ақпарат

    Ішкі аудит департаменті Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлiгiнің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

    Департаменттің негізгі міндеттері:

    • қаржылық және басқарушылық ақпараттың сенімділігі мен дұрыстығын, Министрліктің қызметін ішкі ұйымдастыру процестерінің тиімділігін, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын, мемлекет активтерінің сақталуын талдау, бағалау және тексеру;
    • Министрліктің стратегиялық құжаттарының, мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізілуін талдау;
    • сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шараларды үйлестіру.