Ішкі аудит департаменті
Жалпы ақпарат
Ішкі аудит департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі.
Департамент қызметінің негізгі мақсаты - Министрге Министрліктің стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне, аумақтарды дамыту бағдарламаларына қол жеткізуде жәрдемдесу, Министрге мемлекеттік органды тиімді басқаруды қамтамасыз етуге арналған тәуелсіз және объективті ақпаратты ұсыну, бюджет қаражатын, мемлекеттің активтерін және тәуекелдерді басқару жүйесіне негізделген квазимемлекеттік сектор субъектілерін басқару және пайдалану тиімділігін арттыру.