Персоналды басқару департаменті

    Жалпы ақпарат

    Персоналды басқару департаменті (кадр қызметі) (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі және тікелей аппарат басшысына бағынады.

    Департаменттің мақсаттары: Министрліктің персоналды басқарудың тұтас жүйесін қалыптастыру; Министрліктің персоналды басқарудың тұтас жүйесі шеңберінде мемлекеттік қызметті өткеруді қамтамасыз ету; Министрлікте ұжымдық мәдениетті қалыптастыру және қолайлы әлеуметтік-психологиялық еңбек ахуалын дамыту; Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарымен кадр мәселелері бойынша жұмыс жүргізу.