ҚР ІІМ Тыл департаменті
Жалпы ақпарат
Тыл департаменті – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әскери және арнайы қамтамасыз етуді, күрделі құрылысты, шаруашылық жабдықтауды, полиция органдарының ғимараттарына жөндеу-пайдалану қызметін көрсетуді, бекітілген контингентті медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөлінісі.
Тыл департаменті:
1) Басшылықтан;
2) Әскери және арнайы қамтамасыз ету басқармасынан;
3) Әскери инженерлік-техникалық қамтамасыз ету басқармасынан;
4) Мемлекеттік сатып алу және мониторинг басқармасынан;
5) Медициналық басқармадан;
6) Күрделі құрылыс тобынан;
7) Ғимараттар мен имараттарды пайдалану тобынан;
8) Кеңседен тұрады.
Міндеттері:
- ІІМ-нің орталық аппаратын және аумақтық полиция бөліністерін қару-жарақпен, оқ-дәрілермен, автокөлікпен, арнайы құралдармен және бронды қорғау жеке құралдарымен, химиялық қорғау құралдарымен, инженерлік мүлікпен, нысанды киім-кешекпен, керек-жарақпен, жиһазбен, кеңсе тауарларымен, мүкәммалмен, құрал-жабдықпен, спорттық және шаруашылық мүлікпен (бұдан әрі – әскери және арнайы мүлік) қамтамасыз етуді ұйымдастыру.
- Әскери инженерлік-техникалық қамтамасыз етуді, әскери мүлікті сатып алуды ұйымдастыру, ІІМ орталық аппаратының әскери мүлкімен жұмыс істеу.
- мемлекеттік сатып алу рәсімін ұйымдастыру.
- бекітілген контингентті медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру.
- полиция бөліністерінің әкімшілік және өндірістік ғимараттары мен құрылыстарын салуды, күрделі және ағымдағы жөндеуді ұйымдастырады.
- ІІМ орталық аппаратының ғимараттары мен құрылыстарын пайдалану. ІІМ орталық аппаратының қызметін шаруашылық қамтамасыз ету.
- ІІМ орталық аппаратын техникалық персоналмен жасақтау.
- құрылыс жүргізу, пайдалану, ғимараттарды, құрылыстарды, жабдықтарды және автомобиль техникасын, күрделі және ағымдағы жөндеу, бекітілген контингентті медициналық қамтамасыз ету, материалдық-техникалық ресурстарды сатып алу және жеткізу кезінде ІІД тылдық қамтамасыз ету бөліністерінің қызметіне әдістемелік басшылық ету, бақылау және үйлестіру.