Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті

    Жалпы ақпарат

    Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

    Департамент өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.

    Департамент:

    1) еңбек;

    2) әлеуметтік әріптестік;

    3) еңбекақы төлеу;

    4) еңбекті нормалау басқармаларынан тұрады.

    Министрліктің құзыреті шегіндегі Департаментінің тапсырмалары:

    1) еңбек, еңбек қауіпсіздігі, еңбекақы төлеу және еңбекті қорғау және әлеуметтік әріптестік салаларындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу және олардың іске асырылуын қамтамасыз ету;

    2) еңбек қатынастарын дамытудың нормативтік құқықтық базасын жетілдіру және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікті ынталандыру;

    3) лайықты еңбек қағидаттарын енгізу бойынша бағдарламалар мен іс-шараларды әзірлеу;

    4) халықаралық еңбек стандарттарын бейімдеу және енгізуге жәрдемдесу;

    5) еңбек құқықтарының бұзылу қатерін басқару жүйесін әзірлеу;

    Департаментке жүктелген тапсырмаларға сәйкес белгіленген заңнамалық тәртіппен келесі фунцияларды жүзеге асырады:

    1) Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарларын әзірлеуге қатысады: стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді, нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштерін, стратегиялық бағыттарды іске асыру бойынша міндеттер мен іс-шараларды айқындайды;

    2) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің және басқа да нормативтік құқықтық актілердің қолданылу практикасын қорытындылайды және талдайды, сондай-ақ оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді;

    3) еңбек, еңбек қауіпсіздігі, еңбекақы төлеу және еңбекті қорғау мәселелері бойынша әдістемелік нұсқаулықты әзірлейді және Министрлік басшылығына бекітуге ұсынады;

    4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіреді;

    5) еңбек қауіпсіздігін, еңбекақы төлеуін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету саласындағы үйлестіруді және басқа мемлекеттік органдармен, сондай-ақ жұмыс берушілер мен жұмыскерлер өкілдерімен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

    6) облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) деңгейінде жасалған салалық келісімдер мен өңірлік келісімдерді тіркеуді жүзеге асырады;

    7) балалар еңбегiнiң ең жаман түрлерiне тыйым салу және жою
    саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;

    8) ұлттық біліктілік жүйесін әзірлеу және жетілдіру саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;

    9) барлық қызмет салалары үшін ортақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға қойылатын жалпы талаптарды белгілейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді;

    10) қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдардың жұмыскерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі бойынша параметрлерді ұсыну, қарау және келісу тәртібін әзірлейді;

    11) еңбек кітапшаларының нысанын, оларды жүргізу және сақтау тәртібін әзірлейді;

    12) жұмыс берушінің қаражаты есебінен жұмыскерлерге сүт және емдеу-профилактикалық тағам, арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа да жеке қорғану құралдарын беру, ұжымдық қорғану құралдарымен, санитариялық - тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету тәртібі мен нормаларын әзірлейді;

    13) әйелдердің еңбегін қолдануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімін, әйелдердің ауыр заттарды қолмен көтеруінің және жылжытуының шекті нормаларын айқындау жұмыстарын жүргізеді;

    14) жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтағына, жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына және еңбекақының жоғарылатылған мөлшеріне құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін, сондай-ақ Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығын, жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысын және еңбекақының жоғары мөлшерін беру қағидаларын әзірлейді;

    15) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қатерлерге мониторинг жүргізеді және бағалауды ұйымдастырады;

    16) ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі мәселелері туралы үлгілік ережені әзірлейді;

    17) еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауды жақсартуға бағытталған салааралық нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;

    18) Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын ұйымдастырады және өткізеді;

    19) еңбек қатынастары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, әлеуметтік әріптестік, сондай-ақ аталған мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастық саласында мемлекеттік органдар ұйымдастыратын кеңестерге, семинарларға қатысады;

    20) еңбекті нормалауды ұйымдастыру бойынша ұсынымдар әзірлейді;

    21) еңбекақы төлеу мәселелері бойынша нормативтiк құқықтық актілерді жетілдіру ұсыныстарын әзірлейді;

    22) еңбекақы төлеу саласындағы нормативтік құқықтық актілердің іске асырылуына мониторинг жүргізу;

    23) әлеуметтік және еңбек қатынастары саласындағы әлеуметтік әріптестік жүйесін реттеу бойынша ұсыныстар әзірлейді, сондай-ақ Әлеуметтік әріптестік жөніндегі республикалық үшжақты комиссияның жұмысын қамтамасыз етеді;

    24) Қазақстан Республикасының Үкіметі, кәсіподақтардың республикалық бірлестіктері мен жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері арасындағы Бас келісімді әзірлеуге және іске асыруға қатысады;

    25) әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі тұрақты республикалық үшжақты комиссияның, жұмыс топтарының отырыстарын өткізу үшін материалдар дайындайды;

    26) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау проблемалары бойынша зерттеу бағдарламаларын әзірлейді;

    27) әлеуметтік әріптестік жүйесін реттеу жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

    28) әлеуметтік және еңбек қатынастары саласындағы әлеуметтік әріптестік жүйесін реттеу бойынша ұсыныстар әзірлейді, сондай-ақ Әлеуметтік әріптестік жөніндегі республикалық үшжақты комиссияның жұмысын қамтамасыз етеді;

    29) еңбек саласындағы саясатты жетілдіру, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, республикада тиімді әлеуметтік әріптестік жүйесін құру мақсатында халықаралық тәжірибені зерделейді және қорытындылайды;

    30) халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттермен еңбек саласындағы халықаралық байланыс пен ынтымақтастықты ұйымдастырады, оның ішінде әлеуметтік әріптестік пен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша келіссөздер және кеңестер өткізеді;

    31) еңбекақы төлеу мәселелері бойыша әлемдік тәжірибені зерделейді, қорытады;

    32) ХЕҰ-ның еңбек және әлеуметтік әріптестік мәселелері жөніндегі конвенциялары мен ұсынымдарын ратификациялауға ұсыну бойынша жұмыстарға қатысады;

    33) Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі бойынша Қазақстан Республикасының позициясын жақсарту жұмысына қатысады;

    34) «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК қызметін үйлестіреді.