Көлік саясаты департаменті

    Жалпы ақпарат

    Қызметі:

    1) Транзит және көлік логистикасы саласында халықаралық келісімдерді әзәрлеу және мемлекетішілік рәсімдерді өткізу;

    2) Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде халықаралық ұйымдармен және халықаралық қаржы институттарымен бірлесіп, Қазақстан Республикасының көлік-транзиттік әлеуетін дамыту жөніндегі жаңа мүмкіндіктерді зерделеуге қатысу;

    3) Қазақстан аумағы арқылы транзиттік тасымалдар көлемін жинау және әзірлеу;

    4) Қазақстан аумағы арқылы өтетін халықаралық көлік дәліздеріндегі «тар жерлерді» анықтау бойынша талдау және тар жерлерді жою және дәліздерді дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

    5) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтетін көлік дәліздерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі шараларды талдау және әзірлеу;

    6) нормативтік құқықтық базаны жетілдіруді қамтамасыз ету және көлік саласында, атап айтқанда Министрліктің құрылымдық бөлімшелері әзірлейтін транзит және көлік логистикасы саласында нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауға қатысу;

    7) халықаралық көлік дәліздерді мен транзиттік әлеуетті дамыту және интеграциялау шеңберінде көпжақты ынтымақтастықтын негізгі бағыттарын қалыптастыру;

    8) мультимодальды логистика мен хабтарды дамыту жөніндегі жұмысқа қатысу.