Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық департаменті

    Жалпы ақпарат

    Департамент мыналардан тұрады:

    1) Әлеуметтік-еңбек саласының қызметін мониторингілеу, талдау және үйлестіру басқармасы;

    2) Стратегиялық жоспарлау және жобалау қызметі басқармасы;

    3) Халықаралық ынтымақтастық басқармасы

    4) Еуразиялық интеграция мәселелері жөніндегі басқарма

    Департаменттің негізгі міндеттері:

    • Департамент құзыреті шегінде әлеуметтік-еңбек саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты (еңбек қатынастарын жетілдіру, еңбек нарығының теңгерімділігін қамтамасыз ету, халықты әлеуметтік қорғау және әлеуметтік тұрақтылыққа қол жеткізу жөніндегі ұсынымдарды) әзірлеуге қатысу;
    • Министрліктің стратегиялық, бағдарламалық және өзге де құжаттарын талдау, іске асыру мониторингі;
    • «Мақсаттарға қол жеткізу» бағыты бойынша Министрлік қызметінің тиімділігін арттыру;
    • Департаменті құзыреті шегінде министрдің қызметін ұйымдастырушылық және талдамалық қамтамасыз ету;
    • жобалық басқаруды ұйымдастыру, жобаларды әзірлеу және іске асыру бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшелерін үйлестіру және ақпараттық-талдамалық сүйемелдеу;
    • Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шет мемлекеттермен мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
    • Министрліктің құзыреті бойынша қол жеткізілген келісімдер мен шет мемлекеттермен уағдаластықтардың орындалуын үйлестіру;
    • Министрліктің салалық құрылымдық бөлімшелерінің ұсыныстары негізінде Қазақстанның халықаралық ұйымдар мен интеграциялық бірлестіктерге: БҰҰ (оның ішінде БҰҰ ЕЭК, ЭКОСОС), ЕО, ЭЫДҰ, АӨСШК, ИЫҰ және т. б. қатысуы шеңберінде Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қазақстандық ұстанымды қалыптастыру;
    • Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО), Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД), Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ), Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мүшелік шеңберінде тең құқылы диалог құру жөніндегі ынтымақтастықты жүзеге асыру;
    • хаттамалық және ұйымдастырушылық іс-шаралар мен мәселелерді қамтамасыз ету.