Стратегиялық жоспарлау және жобалық басқару департаменті

    Жалпы ақпарат
    1. Стратегиялық жоспарлау департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
    2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
    3. Департаменттің құрылымын Қазақстан Республикасының Көлік министрі, штат санын штат саны лимиті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министрліктің аппарат басшысы бекітеді.
    4. Департамент:

    1) Стратегиялық жоспарлау және бағдарламалық құжаттарды мониторингілеу басқармасынан;

    3) Салааралық үйлестіру және өңірлік даму мониторингі басқармасынан;

    4) Жобалау қызметі басқармасынан тұрады.