Стратегиялық жоспарлау және жобалық басқару департаменті
Жалпы ақпарат
Стратегиялық жоспарлау және жобалық басқару департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі.
Департаменттің мақсаттары: Министрлік жетекшілік ететін салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу; Министрлік жұмысының бағыттары бойынша ақпараттық-талдау қызметін ұйымдастыру; мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына мониторинг жүргізу; жобалық басқаруды ұйымдастыру, жобаларды әзірлеу, басқару және іске асыру бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшелерін үйлестіру және ақпараттық-талдамалық сүйемелдеу.