Стратегиялық жоспарлау және әдіснамалық үйлестіру департаменті ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының

    Жалпы ақпарат
    1. Департаменттің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері
    1. Мақсаты:

    1) Әдіснамалық үйлестіру және талдау;

    2) Статистикалық қызметті жоспарлау және құралдарды дамыту;

    3) Статистикалық жұмыс жоспарын әзірлеу және бекіту;

    4) процестер реинжинирингі және бақылау жүйелері;

    1. Құқықтары мен міндеттері:
    • мемлекеттік органдардың, Бюроның құрылымдық бөлімшелерінің, Бюроның аумақтық бөлімшелерінің, Бюроның ведомстволық бағынысты ұйымының атына сұрау салу жобаларын, сондай-ақ сұрау салуларға жауаптарды дайындау;
    • жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша статистикалық құралдарға, әдіснамаға талдау жүргізу және оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
    • Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткізуді ұйымдастыруға қажеттілігіне қарай қатысу:
    • статистиканы жетілдіру мәселелері бойынша әдіснамалық кеңестердің жұмысын үйлестіру;
    • Бюроның құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп Бюроның талдамалық жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
    • респонденттерден статистикалық жұмыстар жоспарында айқындалған көлемдер мен мерзімдерінде дұрыс алғашқы статистикалық деректерді алуға;
    • Әкімшілік дереккөздерден өтеусіз негізде әкімшілік дереккөздермен әкімшілік деректерді ұсыну қағидаларында айқындалған тәртіппен әкімшілік деректерді алуға;
    • өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты (материалдарды, құжаттарды) Бюроның құрылымдық, аумақтық бөлімшелерінен, бағынысындағы ұйымнан, орталық және жергілікті атқарушы органдардан, сондай-ақ өзге де мүдделі ұйымдардан белгіленген тәртіппен сұрату және алу;
    • Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жоспарлы және бақылау құжаттарының орындалуы туралы есептерді, ақпаратты, мәліметтерді алу және ұсыну
    • заңнама талаптарына сәйкес келмейтін құжаттарды (Бюро актілерін) өзгерту немесе күшін жою туралы ұсыныстар енгізу;
    • нормативтік емес құқықтық актілерді әзірлеуді қамтамасыз ету;
    • өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен кеңестер өткізу, оларға қатысу үшін Бюроның басқа бөлімшелерінен, басқа мемлекеттік органдардан және мүдделі ұйымдардан мамандарды тарту;
    • өзінің мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша Бюроның бөлімшелерінде, мемлекеттік органдарда, өзге мүдделі ұйымдарда кеңестерге қатысу;
    • Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Бюро басшылығына ұсыныстар енгізу;
    • Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халықаралық жобаларға қатысады;
    • құжаттарды есепке алуды және сақтауды, оларды архивке сақтауға тапсырғанға дейін жай-күйін бақылауды жүзеге асыру;
    • кіріс және шығыс ақпарат бойынша материалдар мен қорытындыларды уақтылы дайындауды, жоғары тұрған басшылықтан алынатын өзге де тапсырмаларды орындауды жүзеге асыру;
    • Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыру арқылы пайдаланушыларға ресми статистикалық ақпарат пен статистикалық әдіснамаға бір мезгілде қол жеткізуге тең құқықтарды қамтамасыз ету;
    • Департамент құзыреті шегінде Бюро қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында және Бюроның интернет-ресурсында жариялау;
    • Департамент (Бюро) ұйымдастыратын кеңестерге, алқаларға, семинарларға, дөңгелек үстелдерге материалдар дайындау, жұмысты ұйымдастыру мәселелері, Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бұйрықтардың, ережелердің жобаларын дайындау;
    • өз құзыреті шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету;
    • Департаменттің нормативтік құқықтық актілерінің және құқықтық актілерінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу;
    • Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік, заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеу;
    • Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз ету;
    • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

    7.Функциялары:

    1) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес Статистикалық жұмыстар жоспарын және Респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну кестесін қалыптастыру және бекіту бойынша жұмысты ұйымдастырады;

    • респонденттерге жүктемені төмендету бойынша жұмысты үйлестіреді;
    • жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандарын, оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекітеді және оларды сайтта орналастыру үшін PDF форматына ауыстырады;
    • ведомстволық статистикалық байқауларды жүргізу үшін статистикалық нысандарды, оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықты келісугеқатысады;
    • жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандарының есебін жүргізеді;
    • «Жүктемені есепке алу базасы» және «е-Статистика» АЖ-да «бір терезе»-де«Есептерді қабылдау» модульдерін жүргізу және өзектендіру бойынша жұмысты үйлестіреді;
    • ерікті негізде респонденттердің қатысуыменжалпымемлекеттік және (немесе) ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша статистикалық нысандар мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтардың жобаларын тестілеуді және талқылауды жүргізеді;
    • респонденттермен жұмыс бойынша аумақтық бөлімшелерге практикалық және әдіснамалық көмек көрсетеді;
    • статистикалық нысандарды қайта қарау бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен және әлеуетті респонденттермен жұмыс кездесулерін өткізу кестесін бекітеді;
    • мүдделі тараптардың қатысумен жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандарын қайта қарау бойынша фокус-групп өткізу бойынша Бюроның аумақтық бөлімшелерінің жұмысын үйлестіреді;
    • жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары бланкілерінің тираждауды көбейтуге қажеттілік есептерін орындайды;
    • мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
    • ұлттық статистика жүйесін дамыту жөніндегі құжаттарды ұйымдастыруға және әзірлеуге, сондай-ақ олардың орындалуы бойынша мониторингке қатысады;
    • Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарларын іске асыруға қатысады;
    • Бюроның құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің жоспарларын қалыптастыруға жәнемониторингтеуге қатысады;
    • құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын келісуге және мониторингтеуге қатысады;
    • Агенттіктің даму жоспарын қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізеді;
    • өз құзыреті шегінде Бюроның құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының жұмыс жоспарларының іске асырылу барысын талдау негізінде Агенттіктің даму жоспарының мониторингін жүзеге асырады;
    • құзыреті шегінде Агенттіктің даму жоспарын іске асыру бойынша есептерді Бюро бөлігінде дайындайды;
    • Бюроның кеңейтілген отырыстарын дайындайды және өткізеді;
    • аумақтық бөлімшелердің қызметін бағалау (рейтинг) бойынша жұмысты ұйымдастырады;
    • жыл сайын Бюроның қызметі туралы есепті қалыптастырады;
    • Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Үкімет аппаратының бақылау тапсырмаларын орындауға қатысады;
    • мемлекеттік органдардың статистикалық ақпаратты түзу процесінің тәртібін айқындайды;
    • мемлекеттік статистика органдарының статистикалық қызметіне талдау жүргізеді;
    • мемлекеттік статистика органдарының статистикалық әдіснаманы әзірлеуге және қалыптастыруға қатысу тәртібін айқындайды;
    • Әдіснамалық және Стратегиялық кеңестің жұмысын үйлестіреді;
    • Статистикалық ақпаратты түзушілер кеңесінің жұмысын үйлестіреді;
    • Бюроның құзыреті шегінде ҚР МЖЖ құжаттарының индикаторларын есептеу жөніндегі әдістемелерді келісу бойынша жұмысты үйлестіреді;
    • статистикалық әдіснаманы келісу бойынша жұмысты үйлестіреді, Бюроның статистикалық әдіснамасын есепке алуды жүргізеді;
    • мемлекеттік статистика органдарының әдіснамасын келісу бойынша жұмысты үйлестіреді, мемлекеттік статистика органдарының әдістемелерін есепке алуды жүргізеді (тізілімді өзектендіру, сайтқа орналастыру);
    • қажет болған жағдайда респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібін әзірлейді, бекітеді және қайта қарайды;
    • қажет болған жағдайда респонденттердің ерікті негізде қатысуымен жалпымемлекеттік және (немесе) ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша статистикалық нысандар мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтардың жобаларын тестілеу мен талқылауды жүргізу тәртібін әзірлейді, бекітеді және қайта қарайды;
    • алғашқы статистикалық деректерді жинау әдістерін жетілдіру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
    • жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар мен ұлттық санақтарды жүргізу бойынша қызметтер көрсету үшін мамандарды тарту үшін біліктілік деңгейі мен құзыреттілікке, еңбек мазмұнына, сапасы мен жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайды;
    • жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар мен ұлттық санақтарды жүргізу кезінде респонденттерге сауал салуды жүргізуді жүзеге асыру үшін адамдарды интервьюер ретінде тарту тәртібін айқындайды;
    • Қазақстан Республикасының қолданыстағы бюджет заңнамасына сәйкес өтеулі қызмет көрсету шарты бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар мен ұлттық санақтар жүргізу кезінде адамдарды тартудың негізгі тәсілдерін айқындайды;
    • Бюро процестерін (функцияларын) іске асыру тәртібін реттейтін құжаттарды әзірлеуді және өзектендіруді ұйымдастырады;
    • әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды келіседі;
    • әкімшілік нысандар тізілімін жүргізеді;
    • Департаментке жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау мақсатында халықаралық жобаларға, жұмыс топтарына және басқа да іс-шараларға қатысады;
    • қажет болған жағдайда әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде беру тәртібін әзірлейді, бекітеді және қайта қарайды;
    • өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының құқықтық актілерін әзірлеуге, сондай-ақ мемлекеттік статистика мәселелері бойынша құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындылар дайындауға қатысады;
    • құзыреті шегінде байланыс орталығы арқылы қызметтерді алатын респонденттердің немесе пайдаланушылардың өтініштеріне (хабарларына, сұрауларына, үндеулеріне, ұсыныстарына) уақтылы түсіндірме беруге қатысу;
    • Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуді талап етпейтін нормативтік құқықтық актілерді Эталондық бақылау банкіне жіберуді және орналастыруды қамтамасыз етеді;
    • Жобалық офистің жұмысын жүргізеді;
    • Бюроның стратегиялық құжаттарын, даму жоспарын әзірлейді;
    • Орындалған жұмыстардың есептерін СЖРА-ға ұсынады;
    • Бюроның процестер реинжинирингі жөніндегі жұмыстарды жүргізеді;
    • құзыреті шегінде «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» № 4 ҮББ жоспар-графигінің тармақтарын орындайды;
    • Көрсетілген міндеттерден туындайтын өзге де функцияларды жүзеге асырады.