Арнаулы әлеуметтік қызметтер департаменті
Департаменттің негізгі міндеттері:
1) Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;
2) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
3) Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы дамудың нормативтік құқықтық базасын жетілдіру;
4) Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік басқару;
5) Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы халықаралық ынтымақтастық.
Функциялары:
1) Департамент қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу;
2) қаржы департаментімен бірлесіп департаменттің құзыретіне сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер жүйелерін дамытуға қаражат қажеттілігінің есептеулерін дайындау бөлігінде бюджеттік бағдарламаларды қалыптастыру;
3) Департаменттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Министрліктің қарауына енгізілген нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ескертулер мен ұсыныстар дайындау;
4) арнаулы жүйені дамыту саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу.
5) Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттары;
6) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау қағидалары;
7) әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары;
8) білім беру саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау қағидалары;
9) Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қаржыландыру және мониторингтеу қағидалары;
10) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың бірыңғай тіркелімін және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандар тізілімін қалыптастыру қағидалары;
11) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидалары;
12) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы әдістемелік ұсынымдар;
13) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен және денсаулық сақтау және білім беру саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгез қарым-қатынастың болуын бағалау өлшемшарттары
14) арнаулы әлеуметтік қызметтер саласындағы әдістемелік ұсынымдар;
15) Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтерге ақы төлеу қағидалары;
16) арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемі шеңберінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арнаулы әлеуметтік қызметтер саласындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру қағидалары;
17) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілердің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтері;
18) арнаулы әлеуметтік Қызметтерге тарифтерді қалыптастыру әдістемесін;
19) Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптары;
20) мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау жүйесін, медициналық-әлеуметтік сараптаманы және арнаулы әлеуметтік қызметтер жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
21) Департаменттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалармен, мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
22) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша семинарлар, практикалық конференциялар, кеңестер, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру және өткізуге қатысу;
23) өз қызметі саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
24) арнаулы әлеуметтік қызметтер жүйесін дамыту мәселелері бойынша жұмысты әдістемелік және ұйымдастырушылық үйлестіруді жүзеге асыру;
25) заңнаманы қолдану практикасына талдау жүргізу, қорыту және арнаулы әлеуметтік қызметтер жүйесін дамыту мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;
26) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ғылыми әзірлемелерді қалыптастыру және олардың басымдықтарын айқындау, ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастыру және ғылыми сүйемелдеуді үйлестіру;
27) Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарларын және мемлекеттік жоспарлау жүйесінің басқа да құжаттарын әзірлеуге қатысу, оларды іске асыру жөніндегі есептерді дайындау : Департаменттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді, нәтижелердің нысаналы индикаторлары мен көрсеткіштерін, стратегиялық бағыттарды іске асыру жөніндегі міндеттер мен іс-шараларды айқындау;
28) жобалау қызметін жүзеге асыру, жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жобаларды іске асыру;
29) Департаменттің құзыреті шегінде республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепке және бюджеттік мониторингке материалдарды (ақпаратты) дайындау және ұсыну;
30) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауға қатысу;
31) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
32) департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тексеру жүргізу, семинарларға, практикалық конференцияларға, кеңестерге, дөңгелек үстелдерге қатысу үшін республика өңірлеріне шығуды ұйымдастыру және оған қатысу;
33) Департаментке жекелеген нормативтік құқықтық актілермен және (немесе) Министрлік басшылығының шешімдерімен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.