Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды жетілдіру және талдау департаменті

    Жалпы ақпарат

    Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды жетілдіру және талдау департаменті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

    Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

    Департамент:

    • міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды жетілдіру және дамыту басқармасы;
    • медициналық қызметтерге ақы төлеу әдістерін және тарифтерді қалыптастыруды жетілдіру басқармасы;
    • міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды мониторингтеу және талдау басқармасы;
    • медициналық қызметтердің көлемін болжамдау және жоспарлау басқармасы.