Әлеуметтік жобалар және қаржылық сауаттылықты арттыру департаменті
Департаменттің негізгі міндеттері:
1) халық үшін қаржылық қолжетімділіктің тиісті деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асыру;
2) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың мүдделерін қорғауға бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асыру;
3) халықтың қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру;
4) екінші деңгейдегі банктерде, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз етілген қарыздар/микрокредиттер алған жеке тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету;
5) Агенттіктің өңірлік өкілдер бөлімшелерінің екінші деңгейдегі банктерде, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз етілген қарыздар/микрокредиттер алған жеке тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру.