ҚР ІІМ Әлеуметтік және медициналық қамтамасыз ету департаменті
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әлеуметтік және медициналық қамтамасыз ету департаменті – Ішкі істер министрлігінің құрымдылық бөлімшесі.
Департамент:
1) Әлеуметтік қамтамасыз ету басқармасы;
2) Медициналық қамтамасыз ету басқармасы;
3) Орталық әскери-дәрігерлік комиссиядан тұрады.
Департаменттің негізгі міндеттері:
1. Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерін тұрғын үймен қамтамасыз ету;
2. Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерін зейнетақымен қамтамасыз ету;
3. Бекітілген контингентті медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
4. Құқық қорғау органдарына қызметке тұратын, білім беру ұйымдарына оқуға түсетін кандидаттардың, құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарының курсанттары мен тындаушыларының денсаулық жағдайы, дене және психикалық дамуы бойынша құқық қорғау органдарында қызметке жарамдылығын айқындау;
5. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби психологиялық жарамдылығына сараптама жүргізу.