ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті
Өзіндік қауіпсіздік департаменті – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің дербес жедел-тергеу құрылымдық бөлінісі.
ӨҚД:
1) Басшылықтан;
2) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг басқармасынан;
3) Жедел басқармасынан;
4) Тергеу басқармасынан;
5) Жеке құрам жөніндегі инспекциядан;
6) Кеңседен тұрады.
Міндеттері:
1) жеке және заңды тұлғалардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау;
2) қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтарын қорғау;
3) ІІО өзіндік қауіпсіздікті, қылмысқа және өзге де заңдылықты бұзушылықтарға қарсы күресті қамтамасыз ету;
4) ІІО қызметкерлері жасаған қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашу;
5) ІІО қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру;
6) ІІО қызметкерлерінің заң мен тәртіп бұзушылықтарының алдын алуы.