Тарифтік саясатты реттеу департаменті

    Жалпы ақпарат

    1) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтер бойынша қызметін мемлекеттік реттеуді және бақылауды жүзеге асыру;

    2) реттеліп көрсетілетін қызметтер бойынша табиғи монополиялар саласындағы тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру;

    3) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтер бойынша тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру;

    4) тұтынушылар мен табиғи монополиялар субъектілері арасындағы реттеліп көрсетілетін қызметтер бойынша мүдделер теңгерімін қамтамасыз ету;

    5) реттеліп көрсетілетін қызметтер бойынша табиғи монополиялар саласындағы стратегиялық, реттеушілік, іске асыру функцияларын жүзеге асыру;

    6) реттелетін салада тарифтерді қалыптастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

    7) реттелетін салада табиғи монополия субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

    8) реттелетін салада реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған үлгілік шарттарын әзірлейді және бекітеді;

    9) реттелетін салада инженерлік желілерге қосылуға арналған техникалық шарттардың үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді;

    10) реттелетін салада табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимылдар тәртібімен қызметтер көрсетуінің үлгілік регламенттерін әзірлейді және бекітеді;

    11) реттелетін салада реттеліп көрсетілетін қызметтердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;

    12) реттелетін қызметтердің көрсететін табиғи монополия субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын әзірлейді және бекітеді;

    13) суаратын суды пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

    14) өз құзыреті шегінде қарастыруға өтініштерді қабылдайды не оны қабылдаудан бас тартады;

    15) өз құзыреті шегінде жария тыңдаулар өткізеді;

    16) реттелетін салада «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда тарифті бекітеді;

    17) реттелетін салада қуаты аз табиғи монополия субъектісінің тарифін индекстеу деңгейін айқындайды;

    18) реттелетін салада өзі бекіткен тарифтік сметаны бекітеді және оған өзгерістер енгізеді;

    19) реттелетін салада табиғи монополия субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісінің бекітілген инвестициялық бағдарламасына басқа мемлекеттік органмен бірлесіп өзгерістер енгізеді және бекітеді;

    20) реттелетін салада табиғи монополия субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісінің бекітілген инвестициялық бағдарламасына жергілікті атқарушы органмен бірлесіп өзгерістер енгізеді және бекітеді;

    21) реттелетін салада уақытша өтемдік тарифті бекітеді;

    22) өз құзыреті шегінде табиғи монополия субъектісінің жекелеген іс-әрекеттер жасауына келісім беру, сондай-ақ табиғи монополия субъектісінен «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын қызметті жүзеге асыру туралы хабарлама қабылдайды;

    23) тиісті мемлекеттік органдармен келісу бойынша реттелетін салада реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа және сенімділік көрсеткіштерін әзірлейді және бекітеді;

    24) реттелетін салада табиғи монополиялар субъектілері қызметі тиімділігінің көрсеткіштерін әзірлейді және бекітеді;

    25) өз құзыреті шегінде табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің әрбір түрі бойынша кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуды жүргізу әдістемесін келіседі;

    26) өз құзыреті шегінде табиғи монополиялар субъектілерінің бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есептеріне талдау жүргізеді;

    27) өз құзыреті шегінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын келіседі, оларға тарифті қалыптастыру бөлігінде өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізеді;

    28) өз құзыреті шегінде республикалық немесе облыстық, аудандық коммуналдық меншіктегі шаруашылықаралық және шаруашылықішілік су бұру каналдары бар магистральдық каналдарды кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау және техникалық жай-күйін жақсарту үшін сенімгерлік басқаруға беруді мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен, жергілікті атқарушы органдармен келіседі;

    29) өз құзыреті шегінде республикалық немесе облыстық, аудандық коммуналдық меншіктегі, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектісінің меншігіндегі шаруашылықаралық және шаруашылықішілік су бұру каналдары бар магистральдық каналдарды кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау және техникалық жай-күйін жақсарту үшін беру жөніндегі сенімгерлік басқару шартын мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен, жергілікті атқарушы органдармен, табиғи монополиялар субъектілерімен келіседі;

    30) өз құзыреті шегінде табиғи монополиялар субъектілері реттеліп көрсетілетін қызметтерін ұсынған кезде технологиялық циклде пайдаланылатын және мүлікті балансқа және (немесе) сенімгерлік басқаруға беру жоспарына сәйкес жергілікті атқарушы органдардан берілетін мүлікті сенімгерлік басқару және (немесе) мүлікті беру шартын мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға, жергілікті атқарушы органға келіседі;

    31) өз құзыреті шегінде халықаралық қаржы ұйымдарынан, мамандандырылған салалық банктерден, Қазақстанның Даму Банкінен және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінен қарыздар тарту үшін табиғи монополиялар субъектілерінің кредиттік келісімдерін келіседі;

    32) өз құзыреті шегінде табиғи монополиялар субъектісінің меншігіндегі, реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде технологиялық циклде пайдаланылатын мүлікті сенімгерлік басқару шартын келіседі;

    33) өз құзыреті шегінде табиғи монополиялар субъектілері реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынған кезде технологиялық циклде пайдаланылатын мүлікті жергілікті атқарушы органдардан немесе мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органнан өтеусіз пайдалануға алған кезде енгізеді;

    34) реттелетін салада уақытша төмендету коэффициентін бекітеді;

    35) реттелетін салада табиғи монополия саласын тарифтік реттеу әдісін айқындайды;

    36) реттелетін салада тарифтер тарифтік реттеудің ынталандырушы әдісін қолдана отырып бекітілетін табиғи монополиялар субъектілерінің тізбесін бекітеді;

    37) өз құзыреті шегінде табиғи монополиялар субъектілері реттеліп көрсетілетін қызметтерін ұсынған кезде технологиялық циклде пайдаланылатын мүлікті балансқа және (немесе) сенімгерлік басқаруға беру жоспарын жергілікті атқарушы органдарға немесе мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға келіседі;

    38) өз құзыреті шегінде құрылыс объектілерін қабылдау және пайдалануға беру жағдайларын қоспағанда, «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 15-бабы 23-тармағының 8) тармақшасына сәйкес есепке алу аспаптарын сатып алу және орнату үшін ақы алу мөлшерін табиғи монополия субъектісіне келіседі;

    39) реттелетін салада тарифтік саясат жөніндегі кеңес және оның дербес құрамы туралы ережені бекітеді;

    40) реттелетін салада табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімін қалыптастыру және жүргізу;

    41) өз құзыреті шегінде табиғи монополиялар субъектілеріне Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзушылықты жою туралы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген міндеттемелерді орындауы туралы нұсқама енгізеді;

    42) өз құзыретінің шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау және қарау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік жаза қолдану, сондай-ақ сотқа қатысу;

    43) мемлекеттік қызмет көрсетеді (ТМС мемлекеттік регистрден алып және қосу, мүліктік мәмілелерге келісім беру туралы өтініш беру, табиғи монополия субъектісінің белгілі бір әрекеттерді жасауға келісім беру туралы өтініш) сондай-ақ табиғи монополия субъектісінен «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын қызметті жүзеге асыру туралы хабарлама қабылдайды

    44) Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарын әзірлеуге, түзетуге және іске асыруға қатысады.

    45) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді әзірлеу, бекіту және келісу, сондай-ақ Министрлік жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін ұйымдастыруға қатысу;

    46) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде шешім қабылдау;

    47) өз құзыреті шегінде өз өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты сұрату және алу;

    48) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз ету;

    49) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

    50) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.