Банктік емес ұйымдарды реттеу департаменті
Департаменттің негізгі міндеттері:
1) микроқаржылық қызметпен айналысатын ұйымдардың қызметін бақылау және қадағалау;
2) коллекторлық агенттіктердің қызметін бақылау, қадағалау және талдау;
3) микроқаржы нарығының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге жәрдемдесу – микроқаржылық қызметпен айналысатын ұйымдардың заңнама талаптарына сәйкестігін тексеру мақсатында инспекциялар мен бақылау-қадағалау нысандарын жүзеге асыру арқылы, қадағалау ресурстарын ең жоғары тәуекелге ұшыраған бағыттарға шоғырландыруды ескере отырып;
4) коллекторлық агенттіктердің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге жәрдемдесу – заңнама талаптарына сәйкестігін тексеру мақсатында коллекторлық агенттіктерге жүргізілетін инспекцияларға қатысу арқылы, қадағалау ресурстарын ең жоғары тәуекелге ұшыраған бағыттарға шоғырландыруды ескере отырып.