Суды үнемдеу технологияларын дамыту департаменті
1) реттелетін салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және іске асыруды қамтамасыз етеді;
2) реттелетін салада стратегиялық, реттеушілік, іске асыру функцияларын жүзеге асырады;
3) Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарын әзірлеуге, түзетуге және іске асыруға қатысады.
4) реттелетін салаларда мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді жүргізеді;
5) су үнемдеу технологияларын экономиканың барлық салаларында енгізу бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
6) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді әзірлеу, бекіту және келісу, сондай-ақ Министрлік жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін ұйымдастыруға қатысу;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде шешім қабылдау және нормативтік құқықтық актілерге ресми түсініктеме беру;
8) өз құзыреті шегінде өз өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты сұрату және алу;
9) су қорын қорғау және пайдалану саласындағы үздік технологиялар тізбесін әзірлеуге қатысу;
10) нарықтың су үнемдеу технологияларына қажеттіліктеріне талдау жүргізуге жәрдемдесу;
11) су тұтыну жөніндегі цифрлық платформаны құруға қатысу;
12) су ресурстарын ұқыпты және үнемді пайдалану жөніндегі шараларды насихаттауға бағытталған іс-шараларға қатысу;
13) су үнемдеу технологияларын қолдану есебінен мелиорацияны дамыту, олардың тиімділігін арттыру және мелиорациялық жерлерді беру стратегиясын әзірлеуге қатысу;
14) суармалы жерлерді дамытуды мемлекеттік қолдауды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуге қатысу;
15) республикадағы және шет елдердегі мелиорация саласындағы ахуалды зерделеу;
16) ауыл шаруашылығы дақылдарын суарудың су үнемдейтін технологияларын кеңейту және енгізу үшін жағдайлар жасауға қатысу;
17) су үнемдеу технологияларын өндіру жөніндегі отандық компанияларды тартуға жәрдемдесу;
18) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз ету;
19) тұрмыстық жағдайларда су үнемдеу жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу;
20) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен өнеркәсіпте су үнемдеу технологияларын әзірлеуге және енгізуге қатысу;
21) өнеркәсіптік мұқтаждар үшін суды пайдаланатын су пайдаланушыларға айналымды және қайта сумен жабдықтау жүйелерінің болуы тұрғысынан түгендеу жүргізуге қатысу;
22) техникалық және моральдық тозуды айқындау үшін коммуналдық меншіктегі сумен жабдықтау жүйелерінің техникалық аудитіне қатысу;
23) сарқынды суларды тазартудың ең үздік қолжетімді технологияларын енгізу бойынша ұсынымдар әзірлеуге жәрдемдесу;
24) Республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарының сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін цифрландыру мен автоматтандыруды жүргізуге қатысу;
25) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
26) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.