Персоналды дамыту департаменті

    Жалпы ақпарат


    Департаменттің құқығы және міндеттері:
    Департамент:
    1) құрылымдық бөлімшелердің құжаттармен жұмыс істеудің белгіленген қағидаларын орындауын бақылауға және талап етуге;
    2) Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілері мен тапсырмаларының және өзге де бақылаудағы құжаттардың орындалуын бақылауға;
    3) құрылымдық бөлімшелерден белгіленген тәртіппен қажетті ақпаратты және құжаттармен жұмыс жасау бойынша анықтамалық материалды сұратып алуға; құрылымдық бөлімшелерден құжаттармен жұмыс жасаудың белгіленген қағидаларын орындауды талап етуге;
    4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенттін бұза отырып, дайындалған құжаттарды орындаушы – құрылымдық бөлімшелерге қайтаруға;
    5) Министрліктің басшылығына құжаттармен жұмыс жүргізуді жетілдіруге қатысты мәселелер бойынша ұсыныстар енгізуге;
    6) Министрліктің басшылығына өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша болжанатын жобалардың редакцияларын қоса отырып, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу немесе оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар енгізуге;
    7) Министрлік басшылығының тапсырмасы бойынша кеңестер, семинарлар, комитеттер мен құрылымдық бөлімшелердің өкілдерімен кездесулер өткізуге;
    8) Министрліктің басшылығы өткізетін алқа кеңестері мен отырыстарға Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелерді талқылау үшін қатысуға;
    9) өз құзыреті шегінде аумақтық органдардан қажетті құжаттар мен ақпаратты сұратып алуға;
    10) Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарының қаржылық жұмыстарын тексеруді жүзеге асыруға және Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсынымдар беруге;
    11) жауапты адамдардан мерзімінде және толық көлемде тиісті құжаттарды ұсынуды талап етуге;
    12) басқа бөлімшелерге қолданыстағы заңнаманы, ережелерді, нұсқаулықтарды, нұсқауларды және Министрліктің бұйрықтарын қолдану бойынша Департаменттің құзыретіне жататын түсініктемелер беруге;
    13) Министрліктің басқа да бөлімшелерінен Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшылығының Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нақты тапсырмаларын орындау үшін қажетті қорытындыны және Департаментке жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті басқа да құжаттарды, анықтамалар мен материалдарды сұратуға және алуға;
    14) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен өткізілген мемлекеттік сатып алулар бойынша есептерді және оны мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті органға оны ұсынуды талап етуге;
    15) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестерді шақыруға және өткізуге, осы кеңестерге қатысу үшін тиісті бөлімшелердің қызметкерлерін белгіленген тәртіппен тартуға құқылы;
    16) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада айқындалатын персоналды басқару бойынша өзге де міндеттер мен функцияларды іске асырады;
    17) мемлекеттік қызмет саласындағы Заңға, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оның міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілетікке ие;
    18) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасайды.