Персоналды дамыту және басқару департаменті

    Жалпы ақпарат

    Персоналды дамыту және басқару департаменті Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

    Департамент Мемлекеттік қызметке іріктеу және оны өткеру басқармасынан, Ынталандыру және тәртіптік іс жүргізу басқармасынан және Сала персоналын мониторингтеу басқармасынан тұрады.

    Мақсаттары:министрлікте персоналды басқарудың тұтас жүйесін қалыптастыру, Мминистрліктің персоналды басқарудың тұтас жүйесі шеңберінде мемлекеттік қызметті өткеруді қамтамасыз ету, Министрлікте ұжымдық мәдениетті қалыптастыру және қолайлы әлеуметтік-психологиялық ахуалды қалыптастыру, Министрлік қарамағындағы ұйымдар мен мекемелердің басшылары мен олардың орынбасарлары лауазымдарына тиімді кандидаттарды тағайындау, білім саласы персоналын басқарудың тұтас жүйесін қалыптастыру.