ҚР Электр энергетикасын дамыту департаменті

    Жалпы ақпарат

    Электр энергетикасын дамыту департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

    Департамент:

    1) мониторинг және өтініштермен жұмыс басқармасынан;

    2) электр энергетикасына инвестициялар басқармасынан;

    3) электр энергетикасын дамыту және интеграция басқармасынан;

    4) электр энергетикасы саласындағы бюджеттік жобалар басқармасынан тұрады.

    Департамент электр энергетикасы, орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын жылу электр орталықтары мен қазандықтар (автономды қазандықтардан басқа) бөлігінде жылумен жабдықтау салаларында мемлекеттік саясатты іске асыру мен қалыптастыруға қатысады.

    - электр энергетикасы, орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын жылу электр орталықтары мен қазандықтар (автономды қазандықтардан басқа) бөлігінде жылумен жабдықтау салаларында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;

    - электр энергетикасы, орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын жылу электр орталықтары мен қазандықтар (автономды қазандықтардан басқа) бөлігінде жылумен жабдықтау салаларындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады;

    - нормативтік құқықтық актілерді, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, электр энергетикасы саласындағы мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуді орындайды;

    Отын-энергетика кешенiн дамытуды қамтамасыз етеді.

    - электр энергетикасы, орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын жылу электр орталықтары мен қазандықтар (автономды қазандықтардан басқа) бөлігінде жылумен жабдықтау салалары бойынша мемлекеттік бюджеттік бағдарламаларды сүйемелдеуді және әкімшілік етуді жүзеге асырады;

    - электр энергетикасы салаларындағы әлеуметтік әріптестік мәселелері бойынша кәсіподақтар және Министрлік арасында әлеуметтік әріптестікті уйымдастыруды қамтамасыз етеді;

    - электр энергетикасы және орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын жылу электр орталықтары мен қазандықтар (автономды қазандықтардан басқа) бөлігінде жылумен жабдықтау салаларындағы инвестициялық жобаларды іске асыру және мониторингі бойынша шараларды қамтамасыз етеді.

    Заңдарды, нормативтік құқықтық актілерді іске асыру, оларды орындау (әзірлеу) бойынша және бақылауды қамтамасыз ету және өзге де міндеттерді жүзеге асырады.

    - өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды және мемлекеттік қызмет көрсету кезінде тұтынушылардың құқығын қорғау саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;

    - Министрлік жұмысының сапасы мен өнімділігін арттыру мақсатында Департамент қызметінің бағыттары бойынша ішкі бақылауды жүзеге асырады;