Экспортты ілгерілету департаменті
Жалпы ақпарат
Функциясы:
- қойылған міндет шеңберінде халықаралық келісімдер мен меморандумдар жасасу арқылы Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметіне қатысушылардың шет мемлекеттермен екіжақты және көпжақты форматтағы қызметі үшін негіз болып табылатын шарттық-құқықтық базаны кеңейтуді қамтамасыз етеді;
- мемлекеттік органдардың ЕАЭО шеңберінде немесе Қазақстан Республикасы дербес шет мемлекеттермен сауда-экономикалық ынтымақтастық және еркін (преференциялық) сауда туралы келісімдер жасасуға қатысты келіссөздер жүргізу жөніндегі қызметіне қатысады және үйлестіреді;
- шет мемлекеттермен ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттердің, жұмыс топтарының) отырыстарында ҚР сыртқы экономикалық қызметіне қатысушылардың өзекті және проблемалық мәселелерін қарауды қамтамасыз етеді, мүдделі мемлекеттік органдармен және Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп қазақстандық ұстанымды қалыптастырады;
- Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен, Өзбекстан Республикасымен, Қырғыз Республикасымен және Қытай Халық Республикасымен өңіраралық ынтымақтастық форумдарын өткізу арқылы іргелес елдермен өңіраралық және шекара маңы кооперациясын дамытуды қамтамасыз етеді;
- халықаралық сауда-экономикалық ұйымдармен және интеграциялық бірлестіктермен, шет мемлекеттермен, шет мемлекеттер одақтарымен келіссөздерде ҚР Үкіметінің атынан сөз сөйлейді;
- тауар айналымын ұлғайтуға бағытталған Қазақстанның шет мемлекеттермен сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі іс-шаралардың қысқа мерзімді және орта мерзімді жоспарларын (Жол карталарын) әзірлейді;
- саудадағы жекелеген кедергілерді алып тастау бойынша шет мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарымен қарым-қатынасты қамтамасыз етеді, келіссөздер процесіне қатысады;
- мүдделі мемлекеттік органдармен және Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп шет мемлекеттерге жеткізілетін тауарлардың номенклатурасын кеңейту жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
- қойылған міндетті іске асыру үшін экономикалық ғылыми-зерттеу жұмыстарын, оның ішінде халықаралық ұйымдарды жүргізуге бастамашылық жасайды және үйлестіреді;
- белгіленген тәртіппен Министрлікке келісуге келіп түсетін Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының, халықаралық ұйымдар органдарының актілерінің, заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларының жобаларын сауда-экономикалық мәселелерді қозғайтын халықаралық шарттарға сәйкестігі тұрғысынан қарауды жүзеге асырады;
- екіжақты үкіметаралық комиссиялардың отырыстарын, Департамент жетекшілік ететін сондай-ақ шетелдік сапарларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі жұмысты жүзеге асырады.