Бәсекелестікті құқықтық реттеу департаменті
1. заң жобаларының Қазақстан Республикасының Парламентінде өтуіне, сондай-ақ Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларына немесе Премьер-Министрдің Кеңсесінде Үкімет бастамашылық жасаған заң жобаларына енгізілген депутаттардың түзетулеріне Үкімет қорытындыларының жобаларын, Агенттіктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, Үкіметі қаулыларының және Премьер-Министрі өкімдерінің жобаларын жұмыс тәртібімен пысықтауға қатысу;
2. құқықтық актілердің, сондай-ақ заңдық сипаттағы басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеуге, оның ішінде оларды Агенттіктің басқа құрылымдық бөлімшелері әзірлеген жағдайда келісу жолымен қатысуға құқылы;
3. Агенттік Төрағасының тапсырмасы бойынша Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінің ұсыныстары негізінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын қолдану практикасын қорыту нәтижелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу;
4. Агенттіктің Мемлекеттік сатып алу жөніндегі құқықтық актілерінің, шарттарының және конкурстық құжаттамаларының жобаларына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан заңдық (құқықтық) сараптама жүргізу;
5. заңнамалық актілерде көзделген жағдайда Агенттіктің құзыретіне кіретін құқықтық мәселелер бойынша түсіндірулер дайындау;
6. Қазақстан Республикасының келіп түсетін құқықтық актілерін жүйелі есепке алуды және сақтауды ұйымдастыруға қатысу;
7. құқықтық мәселелер бойынша халықаралық конференциялар мен жұмыс топтарына қатысу;
8. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Халықаралық жобалар мен бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
9. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінің нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізуін тұрақты негізде үйлестіру;
10. Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау жөніндегі жыл сайынғы іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға, жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастыруға қатысу;
11. Агенттікке келісуге келіп түскен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қарауға қатысу.
12. Басқарма құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңдары мен Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне және агенттіктің құқықтық актілеріне, Агенттік туралы Ережеге сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.