Қоғаммен байланыс департаменті

    Жалпы ақпарат

    1) қоғаммен байланыс саласында бірыңғай тиімді ақпараттық саясатты қалыптастыру және жүргізу үшін Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдары арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;

    2) оң имиджді, беделді және қоғамдық пікірді қалыптастыру мақсатында Министрліктің және оның басшылығының қызметін жедел ақпараттық жария етуді ұйымдастыру;

    3) Министрлік пен оның құрылымдық бөлімшелері қызметінің мемлекеттік құпияларға және қызметтік пайдалануға арналған құжаттарға жатпайтын сұрақтар бойынша толық және объективті мәліметтер алуға бұқаралық ақпарат құралдарына жәрдем көрсету;

    4) Министрліктің бизнес-процестерін және басқа мемлекеттік органдардың процестерін оңтайландыру шеңберінде басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;

    5) ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша Министрліктің жұмысын ұйымдастыру;

    6) Министрлік қызметінің тиімділігін бағалаудың «Мемлекеттік органның ашықтығы» бағыты бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және материалдар дайындау;

    7) заңнамаға сәйкес Департаментке жүктелген өзге де міндеттер.