Инклюзия бойынша департаменті
Департаменттің негізгі міндеттері:
1) мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы инклюзия жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыру;
2) мүгедектігі адамдарды әлеуметтік қорғау саласында салааралық үйлестіруді және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарды қоғамға интеграциялау үшін жағдайлар жасау;
3) Департаментке Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де міндеттер болып табылады.
Департаменттің құқықтары мен міндеттемелері:
1) Департаменттің алдына қойылған міндеттерді орындауға бағытталған ұсыныстарды әзірлеу және министрдің, аппарат басшысының, алқа және Министрліктің аппараттық кеңестерінің қарауына енгізу;
2) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелері бойынша қажетті ақпарат пен құжаттарды сұрату;
3) Министрдің, аппарат басшысының және жетекшілік ететін вице-министрдің келісімімен Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар өткізу;
4) Департаменттің алдына қойылған міндеттерді шешу жөнінде, сондай-ақ Департамент қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстарды Министрлік басшылығының қарауына енгізу;
5) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және жетілдіру жөніндегі ұсыныстарға бастамашылық ету;
6) Департаменттің құзыретіне кіретін Министрдің, аппарат басшысының бұйрықтарының жобаларын әзірлеу;
7) Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшылығының тапсырмаларын, Департаменттің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті жылдарға арналған заң жобалау жұмыстары жоспарларының уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету;
8) Министрлік басшылығының тапсырмасы бойынша Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік мекемелерде, қоғамдық ұйымдарда Министрліктің мүдделерін білдіру;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтары мен міндеттері бар.
Департамент жүктелген міндеттерге сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Департаменттің құзыретіне жататын мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
2) мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және қоғамға ықпалдастыру саласында әдістемелік ұсынымдар әзірлеу;
3) Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің қызметін қамтамасыз ету;
4) мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарды оңалту мен қоғамға кіріктіруді ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жалпы қағидаттарын белгілеу;
5) Департаменттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалармен, мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
6) өз қызметі саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
7) мүгедектігі бар адамдарды оңалту және инклюзивті дамыту мәселелері бойынша жұмысты әдістемелік және ұйымдастырушылық үйлестіруді жүзеге асыру;
8) мүгедектігі бар адамдар үшін оңалту және инклюзивті қоғамды дамыту мәселелері бойынша талдау жүргізу, заңнаманы қолдану практикасын қорыту және ұсыныстар енгізу;
9) Департаменттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Министрліктің қарауына енгізілген нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ескертулер мен ұсыныстар дайындау;
10) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдарға ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастыру және ғылыми сүйемелдеуді үйлестіру, ғылыми әзірлемелердің басымдықтарын қалыптастыру және айқындау;
11) Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарларын және мемлекеттік жоспарлау жүйесінің басқа да құжаттарын әзірлеуге қатысу, оларды іске асыру бойынша есептер дайындау (Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы, салалық ұлттық жобалар, Министрліктің даму жоспары және т.б.): Департаменттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді, нәтижелердің нысаналы индикаторлары мен көрсеткіштерін, стратегиялық бағыттарды іске асыру жөніндегі міндеттер мен іс-шараларды айқындау;
12) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауға қатысу;
13) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
14) Департамент құзыреті шеңберінде жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жобалық қызметті жүзеге асыру, жобаларды іске асыру;
15) Қаржы департаментімен бірлесіп Департаменттің құзыретіне сәйкес мүгедектігі бар адамдарды оңалтуға және оларды қоғамға интеграциялау үшін жағдайлар жасауға бағытталған қаражатқа қажеттілікті айқындау бөлігінде бюджеттік бағдарламаларды қалыптастыру;
16) Департаменттің құзыреті шегінде республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепке материалдарды ұсыну;
17) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша семинарлар, практикалық конференциялар, кеңестер, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру және өткізуге қатысу;
18) Департаментке жекелеген нормативтік құқықтық актілермен және (немесе) Министрлік басшылығының шешімдерімен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.