Жоспарлау, сертификаттау және әдіснама департаменті
Жалпы ақпарат
Негізгі міндеттері:
- Жоғары аудиторлық палатаның қызметін жоспарлау;
- «Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығы» ЖШС-ның Даму жоспары бойынша қызметін үйлестіру;
- қолданбалы зерттеулер жүргізу бойынша қызметті үйлестіру;
- Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссияның қызметін қамтамасыз ету және отырыстар, кеңестер өткізуді ұйымдастыру;
- Жоғары аудиторлық палатада құжат айналымын және құжаттаманы басқаруды ұйымдастыру, құжаттардың орындалуына бақылау жасау, Жоғары аудиторлық палатаның ведомстволық архивінің жұмысын ұйымдастыру;
- Жоғары аудиторлық палатада құжаттардың лингвистикалық сараптаудан өтуін және редакциялануын қамтамасыз ету;
- Жоғары аудиторлық палатада мемлекеттік тілді дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету;
- Жоғары аудиторлық палатаның мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарымен өзара іс-қимылын жүзеге асыру.